Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейтіледі

Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейтіледі

Акцизделетін өнімдердің (алкоголь өнімдері) көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Шараға Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, «Қазалкотабак» және «QazSpirits» қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше ҚМА соңғы 4 жылда (2021-2024 жж.) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркеген. Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленген.

Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұруға бағытталған ҚМА ұсынатын шаралардың бірі – 2026 жылға жоспарланған таңбалау мен қадағалауды енгізуді жеделдету, сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландыру болып табылады.

Қатысушылар Агенттіктің адал кәсіпкерлерді қорғау бойынша атқарылған жұмыстарды, сондай-ақ талдамалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын алдын алу қызметін атап өтіп, айтылған ұсыныстарды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар көлеңкелі экономикадағы акцизделетін өнім айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
01 қараша 2024 ж. 102 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 253

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 251

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31