Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл тоғыз айда жалпы ішкі өнім 4 пайызға артты – Ұлттық банк

Биыл тоғыз айда жалпы ішкі өнім 4 пайызға артты – Ұлттық банк

Фото: freepik.com
Инфляция біртіндеп төмендеп келеді, ал елімізге келсек, қазір экономикалық жағдай – тұрақты, динамика – оң. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Биыл жаһандық экономиканың дамуына геосаяси тұрақсыздық ықпал етіп жатыр. Бұл бірқатар әскери қақтығыстарға, әлемдегі сауда-саттық пен инвестициялардың төмендеуіне байланысты. Халықаралық валюта қорының жаңартылған болжамы бойынша, әлемдік экономиканың өсуі 2024 және 2025 жылдары 3,2% болады. Орталық банктер өзінің қатаң монетарлық саясатын сақтағандықтан, жаһандық инфляциялық процестер баяу қалыптасып отыр. Дегенмен, қазір дамыған елдерде инфляция орталық банктердің нысаналы көрсеткішіне жақын. Бұл жетекші елдердегі орталық банктердің ақша-кредит саясатын біртіндеп жеңілдетуге жағдай жасайды», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инфляция біртіндеп төмендеп келеді.

«Қазақстанды алсақ, қазіргі экономикалық жағдай – тұрақты, динамика – оң. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында жалпы ішкі өнім 4,0%-ке артты. Экономиканың барлық секторында өнім шығаруда өсім бар. Ең жоғары өсім ауыл шаруашылығында, құрылыс пен көлік саласында байқалып отыр. Инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 8,3% болды. Бұл 2023 жылғы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе төмен. Алайда, бұл көрсеткіш Ұлттық Банктің 5%-тік таргетінен әлі де алыс», - дейді ол.


Сондай-ақ, Т. Сүлейменов инфляцияның баяулау үрдісіндегі маңызды фактор – азық-түлік инфляциясының 5% болғанын айтты.

30 қазан 2024 ж. 101 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930