Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы - 2024» турнирі басталды

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы - 2024» турнирі басталды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Бүгін Астана қаласында Республика күніне орай қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2024» республикалық турнирі басталды.
Бұл турнирге облыстық сайыстардың қорытындысы бойынша іріктелген елдің ең мықты балуандары жиналды. Олар Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланы – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара кім мықтыны анықтайды. 
Қазақстан барысы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Сонымен қатар, турнирде былтырғы «Қазақстан Барысы» чемпионы және «Әскер Барысы» додасынан екі балуан қатысып жатыр. Барлығы – 42 қатысушы. Турнирдің қорытындысы бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленеді. Жалпы жүлде қоры – 27 100 000 теңге, оның 3 720 000 теңгесі спортшылардың бапкерлеріне бөлінген. 
барыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын - 15 000 000 теңге, 2-орын - 3 300 000 теңге, 3-орын - 1 080 000 теңге.
Бұдан бөлек, әр жеңіске жеткен белдесу үшін балуан 100 000 теңге алады.
Балуандар жеребе тарту рәсімінен өтіп, белгіленген нөмірлерімен белдесуге шығады.
«Қазақстан Барысы» турнирінің төрешілері:
1. Пазылбек Қайрат — бас төреші
2. Әбдірахман Самырат — бас хатшы
3. Акжигитов Болат — төреші
4. Азамат Ераділов — төреші
5. Зингин Алибек — төреші
6. Олжас Кенеханов — төреші
7. Орымбай Баубек — төреші
8. Айбол Оразғалиев — төреші
9. Жетпіс Серікбол — төреші
10. Әзиз Қапбаров — төреші
барыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев қатысушыларды құттықтады.
«Құрметті спорт сүйер қауым! Республика күніне арналған «Қазақстан Барысы» турниріне қош келдіңіздер! Бүгін әр өңірден келген балуандар өз аймағының намысын қорғауға шықпақ. Турнирді ашық деп жариялаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін!» - деді.
барыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Сондай-ақ, қазақ дәстүріне сай Ерғали Мухидинов спортшыларға ақ батасын беріп, әділ әрі табысты белдесулер тіледі. 
барыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
«Қазақ балуандарының даңқы мәңгі биік болсын! Елімізде және алыс-жақын елдерде қазақтың рухын көтеретін батырлар көбейе берсін! Бүгінгі турнир әділ әрі шын мықтылардың жеңісімен өтсін! Әумин!» - деді.
Алғашқы белдесулер 16:00-де басталады. 
Қазақстан барысы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
«Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпаздары қанша сыйақы алатыны жайлы жазған болатынбыз.
26 қазан 2024 ж. 267 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031