Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті онлайн қабылдауды іске қосты

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті онлайн қабылдауды іске қосты

Фото: Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған онлайн қабылдау бөлімін іске қосты.

«Жаңа сервис бейіндік мәселелерді талқылау және туындайтын проблемаларды шешу үшін Комитетпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министрліктен.

Өтініш беру жолдары:

1. Электронды өтініш. Жүйе өтінішіңіздің мекенжайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

2. Қабылдауға жазылу. Ыңғайлы онлайн жазылу бөлімі өтініш берушіге арналған қадамдық нұсқаулықты ұсынып, Комитет басшылығымен кездесуді рәсімдеу үдерісін жеңілдетеді.

Онлайн қабылдау азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу барысында ашықтық пен жеделдікті арттыруға, сондай-ақ ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.

Елімізде ойын бизнесі мен лотереяларды реттейтін комитет құрылғанын жазған болатынбыз.
22 қазан 2024 ж. 195 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30