Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Айыр тілді Әйтеке би" атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді

"Айыр тілді Әйтеке би" атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді


Тарихта халқымыздың біртұтас ел болып, мемлекеттігін сақтап қалуы үшін күрескен ұлы тұлғалардың бірі – Әйтеке би Бәйбекұлының туғанына 380 жыл толу құрметіне орай бүгін Қазалы ауданында «Айыр тілді Әйтеке би» атты облыстық ақындар мүшайрасы өтті.
Әйтеке бидің ғибратты ғұмырынан сыр шертетін бейнекөрсетіліммен бастау алған мүшәйраны аудан әкімінің орынбасары Болат Әбенұлы құттықтау сөзімен ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі.


Дүбірлі додадаға Қызылорда қаласынан және Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Арал, Қазалы аудандарынан от ауызды, орақ тілді нағыз жүйрік 10-ға жуық жас ақындар қатысып, бақ сынады.
Байқаудың талаптары бойынша ақындар бірінші кезеңде аузымен құс тістеген, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеген данышпан шешен, Әйтеке биге арнау, екінші кезеңде еркін тақырыптағы өлең-жырларын оқыды.
Қазылар алқасы тақырыптың ашылуы мен мазмұнына, өлең мағынасының тереңдігіне, шумақ ұйқасына, сахна мәдениетін игеру деңгейіне, өлеңнің жатқа оқылуына басты назар аударырп, шешім шығарды.
Тартысты жыр бәйгесінің жеңімпаздарын ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ж.Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қызылорда облысының құрметті ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы, қазылар алқасының төрағасы Толыбай Абылаев, ҚР мәдениет саласының үздігі, тарихшы Болат Әбенұлы Жолтаев, №266 мектеп-лицей мұғалімі Өтеулиева Сағыныш Мұхитқызы сараптады.
Байқау қорытындысымен жүлделі ІІІ орындар Қызылорда қаласынан Тәңірбергенов Ұлықбекке, Шиелі ауданы Ержігіт Бекжанға бұйырса, ІІ орын Жалағаш ауданы Жасұлан Серіктің еншісіне тиді. Арал ауданынан Сайлауов Айдар І орын, Қазалы ауданынан Түменбай Ақжол бас жүлдені еншілеп, мүшәйра жеңімпазы атанды. Ал, Әйтеке би атындағы арнайы сыйлыққа Қызылорда қаласынан келген Кәдірбай Ғабит лайықты деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы марапатпен қоса, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Елдің бірлігі мен тағдырын ойлаған, мемлекет іргесін нығайтуды жүзеге асыру үшін еңбектенген, сол үшін күрескен тарихи тұлға - Әйтеке би бабамыздың 380 жылдық торқалы тойы баршаңызға құтты болсын!
#Қазалы
#ӘйтекеБи380жыл
#АқындарМүшайрасы
19 қазан 2024 ж. 245 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031