Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Құрметті жерлестер!
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел, халық алдындағы парызын адал атқарып өткен перзенттер санатында. Озбыр да өктем жауға қарсы азаттық туын көтеріп, өмірінің ақырғы күндеріне дейін аттан түспеген батырдың аңсаған арманына бүгінгі ұрпақ біз жеттік.
Батырдың тағылымды өнегесін өскелең ұрпаққа насихаттау – біздің парызымыз. Сол мақсатта биыл Қазалы ауданында Жанқожа бабамыздың дүниеге келгеніне 250 жыл толу мерейтойын республика көлемінде атап өту белгіленді. Дайындық жан-жақты жүргізілді. Айтулы шараның ұйымдастыру жұмыстарына ауданның әрбір тұрғыны білек түре қатысты деуге толық негіз бар.
Өңіріміздегі киелі орындардың бірі саналатын Жанқожа баба кесенесінің салынғанына да 30 жылдан астам уақыт өтті. Қазалылықтар үшін киелі осынау кесене Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, қиын-қыстау кезеңде салынған болатын. Соған қарамастан халық жұдырықтай жұмылып, кесенені аз ғана уақыттың ішінде өте сапалы етіп аяқтаған еді.
Биыл міне, араға жылдар салып, баба кесенесінің алдына батырдың еңселі ескерткіші орнатылмақ. Елінің бостандығы үшін аянбай күрескен батыр баба ескерткішінің туған жерде ашылуы – баршамыз үшін көптен күткен қуаныш.
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар келеді» дегендей, өскелең ұрпақ өткенін танып, болашағын бағамдау үшін мұндай шаралар әрқашанда қажет. Алдағы уақытта да жалғасын табатындығына күмән жоқ.
Баршаңызды батыр бабамыздың әруағы желеп-жебеп жүрсін! Жанқожадай бабамызға арман болған азаттығымыз баянды, мемлекетіміз мәңгі болсын!

Самұрат ИМАНДОСОВ,
Қызылорда облысының құрметті азаматы, “Парасат” орденінің иегері
15 қазан 2024 ж. 253 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031