Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша мәлімдеме жасады

Министр зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша мәлімдеме жасады

Фото: KURSIV.KZ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнет жасы төмендетілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде бұл мәселе қаралып жатқан жоқ, - деді министр Үкімет сағатында.
Жақыпова атап өткендей, 2023 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға 5 жылға мораторий енгізілген.
2028 жылға дейін қазақстандық әйелдер 61 жаста, ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады.
Айта кетейік, республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады.

зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге).
Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды.
15 қазан 2024 ж. 114 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031