Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар марапат төрінде

Мамандар марапат төрінде

Елімізде жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі.
Осыған сәйкес жақында аудандық оқушылар үйінде мерекелік шара өтіп, сала қызметкерлері мен ардагерлері құрметке бөленді.
Мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, көлік қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.
– Көлік және теміржол салалары – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей әсер ететін экономиканың негізгі күші. Мезгілдің ыстық-суығымен күні-түні жол жүріп, ел абыройы мен ризығын молайтып, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап жүрген мамандар қандай мадақ, марапатқа да лайық. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Кәсіби мерекелеріңізбен тағы құттықтай отырып, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді аудан басшысы.
Шара аясында бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлері облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ аудандағы ТД-23 Қазалы айналым депосының тепловоз машинисі Нұртай Дарменов пен Қазалы пайдалану вагон депосының технигі Жамила Сугуроваға Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Салтанатты шара мереке иелеріне арналған концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ернұр ЕРҒАЛИҰЛЫ
03 тамыз 2024 ж. 180 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30