Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал еңбектің ардақтысы

Адал еңбектің ардақтысы

Өзіңе құрметті адам әрқашанда сыйлы болары хақ. Ондай кісілер адалдығымен, іскерлігімен, кең пейілділігімен, қалың қауымға тигізер пайдасын қосқанда, «мұзбалақ» деген ерекше құрметке ие.

Мен Қазанғап Жалмұратұлын қырықтың қырқасына шығып тұрған кезінде жолықтырдым. Ұмытпасам, 1979 жылдың мамыр айы болса керек. Қазекең 1979 жылы «Облсельхозтехника» бірлестігінің бұйрығымен Қазалы ауданы «Сельхозтехника» бірлестігінің бастығы, мен орынбасары ретінде тағайындалдым. Қазанғап бұл қызметке дейін темір жол саласында еңбек еткен. Абыройлы еңбегімен 1995 жылы зейнетке шығып, Қапшағай қаласына (қазіргі Қонаев) қоныс аударды.
Ойламаған жерден үстіміздегі жылы (1924) Қазекеңмен жүздесудің сәті түсті. Қазанғап Жалмұратұлы он сегіз жылдай Қазалы депосында еңбек еткен жылдарын терең толғаныспен есіне алды: «Мен 1936 жылы Қазалы ауданы Бозкөл совхозында дүниеге келдім. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Ташкент қаласындағы Темір жол қатынастары институтына түсіп, оны 1958 жылы ойдағыдай тәмамдадым. Мамандығым – инжекнер-механик». Еңбек жолымды локомотив депосында мастер болудан бастадым. Мен қарапайым жұмыстан басталған аға мастер, аға технолог, 1965 жылы локомотив депосының 61 жылдығына орай локомотив бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілдім. Негізі жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін кіші қызметтен бастаған жөн. Себебі еңбектің әдісін үйреніп, сатылап шыныға, ширай түседі екенсің. Еңбектің сапасына, ұжыммен бірлесіп еңбек етудің мәнін түсінесің. Басты мақсат – көппен тіл табысу.
Сол жылдары Қазақстан Темір жол басқакрмасы тепловозды ТЗЗ көтеріп жөндеуді меңгеруді Алматы, Шу, Қазалы депосына жүктеді. 1960 жылы тепловоздарды қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жаңадан қуатты крандар, тазартқыш машиналар, токарь станоктары қойылды. Тәжірибе алмасу мақсатында слесарьлар, депо бастығының орынбасарлары және мастерлер, сондай-ақ мекеменің бас инженері Ташкентке, Украинаға, Россияға және басқа қалаларға жіберілді. Негізгі атқарылатын жұмыстар – алдын ала дайын двигательдерді, басқа да бөлшектерді салып орналастыру. Жұмыс сапалы және ақпараттық байланыс болу үшін диспетчерлік қызмет іске қосылды, байланыс телефондары орнатылды. Жоспарлы жұмыстарымыз өз нәтижелерін бере бастады, жөндеу жұмыстарына қатысқан қызметкерлердің де жағдайлары жақсара түсті.
Біздің депоның жұмысы басқалардағыдай емес, алдыңғы орындарға шыға бас­тады. Еңбек өнімділігі жоғарғы көрсеткіштерге жетті. Еңбектің алғы шебінен көрінген мына қызмекткерлер менің есімде: Б.В.Дубинин, С.Белевич, Ғ.Подгузов, Н.Богомолов, Б.Паношкин, Р.Тухватулин, Н.Мальцев, У.Салиев, Сайфутдинов, Ж.Сисенов, Н.Байдуллаев, С.Жаншураев, А.Қожбанов, А.Карауымбтов, Кешубай, Есмағамбетов, А.Катенов, т.б. Сол уақытта депоны Елховиков Евгений Михайлович басқарған болатын. Евгений Михайлович адал, барлық қызметкерлерге бірдей қарайтын жан еді. Шаруашылыққа епті, білікті адам болды. Депо қызметкерлеріне арнап тұрғын үй салды, ал балаларына арнап Сырдарияның жағасынан «Чайка» пионерлагерін салдыртты. Біте қайнасып еңбек еткен әріптестерімді атап өтпесем болмайды. Грабский Марат Никифирович, Курьатов Михаил Семенович, Тулебаев Коптлеу, Козыбаев Наурызбай, Насанов Абрасулла, Жалғасов Абидилла, Байдуллаев Алдашьай, Досмамбетов Клышбай, Досмамбетов Торахмед, Лекеров Омар, Бекмурзаев Сырлыбай, Рыстыгулов Ботабай, Досмамбтов Куандык, Медетов Баккожа, Елховиков Евгений Михайловичтен кейін Т.Т.Сегізов деген басшымен де қызметтес болдым».
Қазекең терең ойға шомып кеткендей, сәл үнсіздік орнады да, әңгімесін әрі қарай жалғай түсті. Жүзінен әлі күнге дейін еңбекке деген құлшынысы қайтпағандығы байқалады: «1975 жылы Қазалы аудандық партия комитетінің шешімімен, Қызылорда теміржол бөлімшесі мен «Облсельхозтехника» келісімдерімен Қазалы аудандық «Сельхозтехника» бірлестігі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалдым. Райсельхозтехникаға басшылық жасаған кезімде СТО (техикалық қызмет көрсету станциясы) К -700 құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Біз қажетті қондырғылар мен стендтерді сынақ жасайтын приборларды Қазақстан аймағынан іздеп тауып, іске қостық. Ерінбей ізденгеннің арқасында К–700 трактракторларына техникалық күтімнен басқа да заводта орындалатын жұмыстарды атқардық.
Ауданнан Қызылорда РМЗ–ға К-700 тракторларын жөндеуге жіберуді тоқтаттық. Себебі К-700 тракторының двигателі, коробкалары, мостылары, труба-шарнирлерін т.б жабдқтарды жөндеп стендтерде сынақтан өткізе алатын болдық.
Одан әрі «Сельхозтехника» бірлестігінің басшысы болып қызмет атқардым. Кейін «Сельхозхимия» мекемесі болып қайта құрылды. Осындай тынымсыз еңбектің нәтижесін егін орағы кезінде көрдік. Егін орағы кезінде жиі бұзылатын комбайндардың коробка, вариатор, гусиница т.б узельдер мен аппараттарын өзіміз жөндеп, қалпына келтіріп, сынақтан өткізетін болдық. «Вибродуговой» (діріл доға) бетін жабунаплавкасын іске асырдық. Қызылорда РМЗ-сынан бір апта жүріп әкелінетін 4-5 коробка, 5-6 ариатор, 2 гусиница лентасының орнына 50-60 коробка, 50-60 вариатор, 10-15 гусиница лентасын шығаратын болдық.
База (МТС)асфальтталып, жарықтандырылды, сыртта сақталатын техникалар мен ауылшаруашылық машиналарының дұрыс сақталуына назар аударылып, оларға арнайы подставкалар жасалып қойылды. Қоймалар асфальтталып, 2-3 деңгейлі стеллаждар соғылды. Келген заттар тиеп түсіретін тиегіш, кран балкалармен қамтамасыз етілді. Вагондармен келетін тыңайтқыштар мен химикаттарды бұрын күрекпен түсіретін болса, оны техниканың көмегімен өнімді тез түсіретін еттік.
Егін егу, оны жинау кезінде шаруашылықтарға қажетті заттар түнімен жеткізіліп отырды. Штаб жұмыс істеді. Бірлескен жұмыс жоспарын уақытында орындағаны үшін, мекеме Облсельхозтехниканың көшпелі қызыл туын бірнеше рет жеңіп алды. Біз абырой биігінен көріндік. Адал еңбек еткен жұмысшылар мен инженер-тениктердің еңбектерін атап өтуім жөн болар. Олар: С.Орынбасаров, Н.Нащеев, Ж.Мамаев, Ж.Шүкрадинов, О.Арықбаев, В.Гольц, Ш.Шукртаева. Инженер-техниктер: Б.Алпамысов, Ө.Төлепов, Қ.Қаниев, Ө.Әлібаев, З.Лимашев, Ж.Ерғалиев, Ф.П.Пак, Д.Оспанов, Ш.Абшұкиров, А.Бисембаев, А.Шерниязов, А.Жұмағұлов, З.Жорабаев, А.Байкубекоа, Қ.Байкубеков, Ш.Жұмахметов, Д.Жабагиев, Н.Мардарь, А.Жабағиев.
Алдыңғы топтан бірнеше мамандар жоғарғы қызметке көтерілді. М.Сәлімов жоғарыда айтып өткендей, орынбасарлықтан бірінші басшы қызметіне тағайындалды. А.Байкубеков бастауыш парт ия ұйымының хатшысы аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметіне, Н.Аралбаев – шеберхана меңгерушілігінен мекеменің бас инженері қызметіне, Қ.Көптлеуов – товаровед қызметінен баздың директоры қызметіне, Н.Бижанов – жөндеу инженерінен бірлестіктің бас инженер қызметіне дейін көтерілді.
Мен Республика «Минсельхоз» бен «Казсельхозтехниканың» қосылып, «Агропром» (АПО) болып қайта құрылуына байланысты 1986 жылы РАПО-ның (Райагропромобьедине) фонд жөніндегі жетекші маманы және бастығы қызметін атқардым. Осындай абырой биігіне көтерілуімен алдыңғы толқын Құлбаев |Нағмет ағайдай тұлғалардың ақыл-кеңесі, іс-тәжіри белерінің ықпалы дер едім» деп сөзін аяқтады Қазекең.
Атқарған адал еңбегіне сай 1970 жылы Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен, 1973 жылы СССР темір жол Министрінің социалистік жарыстың жеңімпазы белгісімен, 1984 жылы СССР Жоғарғы кеңесінің «Ветеран труда» медалімен, 2010 жылы Қазақстан Республикасының президентінің «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл» медалімен, 2020 жылы Россия федерациясы Президентінің жарлығымен «Жеңіске 75 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Қай кезде де өз заманынан оза туған адамдар болады. Олардың бойындағы әртүрлі адами, қайреткерлік қасиеттерінің алға қойған ізгілікті істер мен мақсаттарға жетелейтіні рас. Жақсыларды ардақтау, жақсы адамдарға қарап бой түзеу қазақта қалыптасқан дәстүр. Қазекеңмен бірге қызмет атқарғанда ол кісіден көп пайдалы жұмыстарды үйрендім. Менің айтпақ ойым – осы еді. Жақсы адамдардың өнегелі ісін тарих толқынымен зерделей отырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуді азаматтық міндетім деп санаймын.

Мұратбай СӘЛІМОВ,
Қызылорда облысының құрметті ардагері,
Қазалы ауданының құрметті азаматы
05 қазан 2024 ж. 128 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 65

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930