Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерге құрмет

Қаламгерге құрмет

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Осы орайда қоғамның қозғалысын айқындап, оқырманға жаңалықты жеткізуші қаламгердің рөлі ерекше. Журналистика саласында аянбай тер төгіп, сан жылдар бойы сия сауыттан қаламы түспей, қарышты еңбек еткен жанның бірі – Сахи Қапар. Жерлес оқырмандарға етене таныс журналист биыл зейнет жасына шығып отыр.
Осыған орай сейсенбі күні «Қазалы» газетінің редакциясында зейнет жасына шыққан журналисті құттықтау рәсімі өтті. Мерейлі жасқа жеткен әріптесті құттықтауға «Сыр Медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысты. Аудан халқының алғысын жеткізуге асыққан Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әліби Әбиев те Сахи Қапардың зейнеткерлікке жетуіне арналған жиын төрінен табылды.
Саналы ғұмырын баспасөз саласына арнаған, бірнеше кітаптың авторы атанған қаламгерге ақ тілегін білдіріп, журналистикадағы замандасы «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат ­Шарабидинов, Қазалы, Арал аудандарындағы меншікті тілші Жұмабек Табынбаев, еңбек ардагерлері, газеттің қоғамдық негіздегі тілшілері Кемал Көпжасар, Құдайберген Есекей сынды ардагерлер мен редакция мүшелері қатысты.
Алғаш болып ақжарма тілегін арнаған серіктестік басшысы Аманжол Оңғарбаев:
– Құрметті Сахи Бахиұлы, сіздің Қазалы оқырмандары үшін еткен еңбегіңіз орасан. Сонау «Ленин туы» газетінен бастап баспасөз саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқаныңыз баршаға аян. Сізді мен ойы мен сөзі бір жерден шығатын, кәсібіне адал азамат ретінде танимын. Келіп жеткен осы қуанышыңыз құтты болсын, – дей келе Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Алғыс хатын және «Сыр медиа» ұжымының арнайы сыйлығын тапсырды.
Мұнан кейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әліби Әбиев мерейтой иесіне Қазалы ауданы әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстап, ізгі лебізін білдірді.
Айта кетейік, қарымды қаламгер Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне құжат тапсырған. Бітіргеннен кейін ол 1987-1995 жылдары Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер болып орналасады. Осы жылдар аралығында радиохабар таратушы тілші, аудандық мәслихаттың бас маманы болып, әртүрлі қызмет атқарған.
Кейін келе «Тұран-Қазалы», «Қазалы айғағы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары ­болып абыройлы жұмыс істеді.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сахи Бахиұлы Қапар әр жылдары жергілікті басқару билігінен, Қазақстан Журналистер Одағының және 2017-2018 жылдары Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, сонымен бірге «Бірінші дәрежелі «Қазақ тілі», «Қазалы қаласы атауының 150 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Облыстық тіл басқармасы жариялаған шығармашылық байқаудың жүлдегері атанған ол Қазалы халқына қолынан қаламы түспеген, кәсібін адал атқарған адам ретінде танылды. Мақалалары ауданның әр жылдары жеткен жетістігіне, күрмеуі шешілмеген түйінді мәселелерді қаузауға арналды. Шығармашылық ғұмырында «Асандар көтерілісі», «Асан азаматтары», «Қазалы – Асан көтерілісі», «Қазалы қаһармандары», «Жәдігер», «Туған жер самалы», «Ортақ тағдыр толғамы», «Бегім ана: Аңыз бен ақиқат» авторлық жинақтарына бір топ очерктері мен әңгімелері басылды.
Қаламгер «Аманбай ахун» кітабын оқырманға ұсынады. Мұнан кейін «Елі сүйген Ержан жырау», «Қазалыдан түлеген текті азамат», «Ғибратты ғұмыр иесі», «Сағындырған сағым жылдар...», «Атажұртым – айбыным» атты кітаптары қалың оқырманға жол тартқан.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
14 қараша 2020 ж. 691 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930