Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев биліктегі әйелдер жайлы айтты

Тоқаев биліктегі әйелдер жайлы айтты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының форумында биліктегі әйелдер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті. Елімізде қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әйелдердің құқығын қорғауға баса назар аударылып жатыр. Осының бәрі реформаның нақты нәтижесі екені сөзсіз. Сондай-ақ реформа партиялардың аймақтағы белсенділігін арттырды. Олар облыс, аудан орталықтарында қарқынды жұмыс істей бастады. Азаматтардың саяси үдеріске кеңінен араласуына мүмкіндік туды. Жер-жерде түрлі мәселе туралы ашық талқылаулар өтіп жатыр. Басқаша айтсақ, пікір алуандығына жол ашылды. Жұрт жергілікті мәселелерді шешуге белсене атсалысатын болды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен толық үндеседі», - дейді Тоқаев.


Президент атағандай, саяси реформалардың нәтижесінде мәслихаттардың құзыреті кеңейе түсті.

«Депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды. Атқарушы билікке ықпал ете алатын басқа да құзыреттер берілді. Сондықтан мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруы керек. Ол үшін мынадай мәселелерге назар аудару қажет», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін, 3 қазан күні Астанада «AMANAT» партиясының бастамасымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өтіп жатыр.
03 қазан 2024 ж. 220 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930