Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы 5 жылда біз ауқымды саяси реформалар жүргіздік – Президент

Соңғы 5 жылда біз ауқымды саяси реформалар жүргіздік – Президент

Фото: Ақорда
Бүгін БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз дамудың жаңа сатысына қадам басқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Парламенттің ықпалы, Үкіметтің жауапкершілігі айтарлықтай артты. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік орныға түсті. Саяси партиялардың қоғамдық рөлі күшейді. Азаматтарымыз өз ой-пікірлерін ашық айтып, қоғамда белсенді болуына мүмкіндік беретін нақты тетіктер пайда болды. Сайлау жүйесін жетілдірдік. Ауыл, аудан әкімдері тікелей сайлана бастады. Бір сөзбен, саяси және қоғамдық мәдениет үлкен өзгеріске ұшырады», - деді Президент.

Ең маңызды бастаманың бірі – Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатыны.

«Осы шешімнің саяси мән-мағынасы ерекше, бұл – мемлекет басқару ісінде жаңа стандарт қалыптастыратын маңызды қадам. Реформалар, өзгерістер әлі де жалғаса береді. Ең бастысы, бұл өзгерістер – халықтың таңдауы. Сондықтан біз ешқашан кері қайтпаймыз, тек алға қарай жүреміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
27 маусым 2024 ж. 291 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 247

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031