Басты мақсат – талап пен тәрбие
Дзюдо – жапондық жауынгерлік өнер, философия және қарусыз спорттық жекпе-жек.
Дзюдо сөзі жапон тілінен
сөзбе-сөз аударғанда “жұмсақ жол” деген мағына береді.
Джигоро Кано джиу-джитсудағы қауіпті әдіс-тәсілдерді алып тастап, 21 жасында жаңа спорт түрінің (дзюдо) мектебі – Кадоканның негізін қалаған.
Ол жаттығулар мен жарыстарды өткізудің негізгі ережелері мен принциптерін тұжырымдады. Кано “дзюдо” терминін “сұлулық жолы” деп түсіндірген.

Бокстан, каратэден және басқа да жекпе-жек түрлерінен айырмашылығы, дзюдоның негізін лақтыру, ауырсыну техникасы, стендте де, партерде де ұстау және тұншықтыру құрайды.
Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Қазалы ауданында дзюдо бөлімшесі 2015 жылдан бастап ашылды. №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде дзюдо бөлімшесінде сауықтыру және оқу-жаттығу тобы бар. Мұнда 40-қа жуық жасөспірім дзюдоның әдіс-тәсілдерін меңгеруде. Балаларға тәжірибесі мол, бақ пен бап сынға түсетін түрлі додада жүлделі жетістіктермен көзге түскен дзюдо жаттықтырушысы Айболат Оңғарбайұлы сабақ береді. Ауданның абыройын асқақтатып жүрген ол Дзюдодан Қазақстан чемпионатында қола мен алтынға қол жеткізген.
Оның айтуынша, баланы дзюдоға 6-7 жастан беруге болады. Дегенмен 10 жастан берген дұрыс. Қанша ерте бергенмен де, оның нағыз қабілеті 2-3 жыл үзбей қатысқаннан кейін көрінеді. Өйткені бала жарысқа жиі барып, шыңдалады.
– Ата-аналар балаларын дзюдо күресіне берсе құба-құп. Дейтұрғанмен әрбірінің қызығушылығы мен икемі қай спорт түрін қалаған таңдауына қарай қатыстырғаны жөн-ақ. Дзюдо күресінде баланың физикалық күші ретке келеді. Бастысы – ұжымда өскен бала жаман болмайды. Тәрбиелі болып шығады. Көптің арасында болған, дзюдо күресінде жүргендер үлкенді және жанында жүрген қатарластарын сыйлау дегенді саналарына сіңіреді. Дзюдоист жапондықтарды көрсеңіз, “Сэнсэй” деп жаттықтырушыға еңкейіп сәлем береді. Ата-ана залға балаларын алып келгенде әуелі баланың денсаулығына қараймыз. Бала барынша ауырмау керек. Әртүрлі әдістерді жасайды, құлауды үйренеді. Сол кезде баланың дене-бітімі де жақсы болғаны абзал.

Баланың бәрі дзюдоға келе бермейді. Біреу боксқа, келесісі футболға келеді. Бірінің дене-бітіміне қарасаң, бірі дзюдоға, ал біреу күреске келіп тұрады. Сондықтан ең бірінші, баланың денсаулығы мен діне-бітіміне қараймыз. Жасөскіндермен жұмысты сапалы атқару мақсатында жиі сабақтар өткіземіз. Тәрбиелік мәнді кеңестер береміз. Былай айтқанда, психолог боламыз. Бұдан түйгенім, спорт кешеніне психолог маманы қосылса, жеңімпаздар көбейер еді. Өйткені баланың төзімділігі мен шыдамдылығын шыңдауға мотивациялық сөздердің көп көмегі бар. Бұл спорт түрінде жаттықтырушы тарапынан бірінші тәртіп пен тәрбиеге мән беріледі. Чемпион болмаса да, жақсы азамат болып қалыптасуына сеп. Сонымен бірге қас-қағым сәтте шешім шығару қасиетіне ие болады. Шәкірттеріме татамиге шығарда “мықтысың, дайынсың. Жеңімпаз болуға лайықсың” деп рухын көтеремін, – дейді Айболат Абенов.
Жалпы дзюдо – олимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрі. Дзюдоның негізін лақтыру, ауырсыну техникасы, шегерімдер және тұншықтыру, партер құрайды. Дзюдоның тарихында, оның пайда болуы мен қалыптасу кезеңінде жоғары дамыған спорт түрлері болды.
Айболат Абенов дзюдо жаттықтырушысы болып 25 жыл өмірін сарп еткен. Осы уақыт аралығында қаншама жеңімпаздарды тәрбиелеп шығарды. Атап айтқанда, Қаныш Есен, Жансая Мұрат, Серікбол Сейітов, Арайлым Оңталап, Әйгерім Піржанова Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Оның айтуынша, спорттың жаманы жоқ. Бәрі тұлға болып қалыптасуға да, денсаулыққа да пайдалы. Спортпен айналысқан қыздарға жанұя құрғанда сәбиді жеңіл босануға септігі мол деген ғылыми тұжырым да бар. Күрестің басқа түрлерінен дзюдо техниканы орындау кезінде физикалық күштің аз қолданылуымен және рұқсат етілген техникалық әрекеттердің алуандығымен ерекшеленеді. Дзюдомен айналысатындардың алдына дәстүрлі түрде дене шынықтыру, дайындық мақсаттары қойылады. Оларға белдесу барысында тәртіпті, табандылықты, өзін-өзі бақылауды, этикетті сақтауды, жетістік пен оған жету үшін қажетті күш-жігердің арақатынасын түсінуді қажет ететін сананы жетілдіруге мән беріледі.
Қазіргі уақытта дәстүрлі дзюдо және спорттық дзюдо халықаралық деңгейде өткізіледі және Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. Дамыған спорттық дзюдода Халықаралық дзюдо федерациясы, бәсекелестік құрамдас бөлікке көбірек көңіл бөлінеді. Ал дәстүрлі дзюдода өзін-өзі қорғау және философия мәселелеріне назар аударылады. Бұл бәсекелестік ережелері мен рұқсат етілген әдістердегі айырмашылықтарға әсер етті.
Дзюдо техникасы жекпе-жектің көптеген заманауи стильдерінің негізі болды. Соның ішінде – самбо, бразилиялық джиу-джитсу, Кавайши Рю дзюцутсу, Көсен дзюдо. Дзюдо өзінің маңызды философиялық компонентіне ие бола отырып, үш негізгі қағидаға негізделеді. Яғни үлкен жетістіктерге жету үшін өзара көмек және түсіністік, дене мен рухты тиімді пайдалану, жеңіске жету үшін берілу.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА