Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоланы қанжылаған жас балуан

Қоланы қанжылаған жас балуан

Жапон күресі – дзюдо өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған, төрткүл дүниеге кең таралған жекпе-жек түрі саналады. Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Бұл спорт түрінен ересектер жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген спортшы қатысып, дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.
Барлық ерекшеліктеріне қарамастан, бұл бәсекеге қабілетті спорт түрі ғана емес, сонымен бірге мыңжылдық дәстүрлер мен мәдениеттермен байытылған іс-шара. Дзюдо – бұл бүкіл әлемде қолданылатын өзін-өзі қорғаудың қалыптасқан жүйесі. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Солардың қатарында қазалылық жас спортшылар да бар. Олар аталған спорт түрінен шынығып, жүлделі орындарды иемденуде.
Атап өтсек, 2022 жылдың 25-27 қараша күндері аралығында Жалағаш ауданында дзюдодан Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде аудан намысын көтерген дзюдошылар жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Нәтижесінде Қазалы спорт мектебінің дзюдо күресінің палуаны Айда Оралбай 57 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдегер атанды. Спорт мектебінің дзюдо бөлімшесінің спортшысы Айда Оралбай мен жаттықтырушылары Айболат Әбенов пен Жансая Мұратты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарына сәттілік тіледік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


28 қараша 2022 ж. 962 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 28

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031