Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақтелекомда" АЭС салу мәселесі талқыланды

"Қазақтелекомда" АЭС салу мәселесі талқыланды


Бүгін Халықтық штаб төрағасы Ғазиз Әліш пен штаб мүшесі Қасқырбек Мәмбетжан «Қазақтелеком» АҚ аудандық телекоммуникация торабы ғимаратында қызмет көрсету саласының мамандарымен АЭС-тің тимділігін талқылады. Кездесуде штаб мүшелері ел экономикасына оң өзгерістер мен дамуына алып келетін АЭС бастамасын қолдауға шақырды.

«Қазіргі таңдағы еліміздегі ең маңызды мәселенің бірі электр энергиясының жетіспеушілігі. Осыған байланысты, көптеген ірі кәсіпорындар мен өндірістік орындарды іске қоса алмай жатамыз. Өйткені, электр қуатының тапшылығы байқалады. Егер АЭС құрылысы жобасы қолдау тауып, іске асырылса, бұл Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қуатты серпін болады», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Қасқырбек Мәмбетжанның айтуынша, атом электр станциясын салудың тағы бір артықшылығы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағытының біріне айналады. Энергетика саласында жаңа заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары құрылып, инфрақұрылымның дамуы жақсарады.


Өз кезегінде еңбек ұжымы Мемелекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. АЭС салынған жағдайда оның қауіпсіздігіне баса мән берілсе деген ұсыныстарын жеткізді.
26 қыркүйек 2024 ж. 184 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930