Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талғам мен талап биігінен көрінген

Талғам мен талап биігінен көрінген

Қазақстандағы жиһаз өнеркәсібі соңғы жылдары экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан саласының біріне айналды. Жиһаз кеңсеге келбет, үйге сән береді. Бұл күндері үйді де, кеңсені де онсыз елестету мүмкін емес. Әрбір шаңырақтан табылатын жиһаздың сан түрі жинақылық үшін таптырмас дүние. Осындай тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы қазалылық кәсіпкер Бағдәулет Шәміл жиһаз дайындайтын цех ашты.

Бүгінде мұнда Қаныш Нұрғали мен Оспан Батыр есімді ұсталар халықтың сұранысын мұнтаздай орындауда.
– Жеке кәсіпті негізінен ең әуелі 450000 теңге несие алып пластикалық есік-терезе әзірлеуден бастағанмын. Бауырым Адухан Әбілмен бірігіп, біраз дүниелерді жасадық. Тұтынушылар да жиналды. Сапалы іске халық та риза болып, тапсырыстар көбейді. Табысымыз артты. Кейін қолдағы шаруаға қанағат қылмай, оның аясын кеңейтуді мақсат еттім. Осылайша “Даму” қорынан қомақты қаражат алдым. Оған жиһаз әзірлеу үшін ағаш кесетін және жонатын арнайы құрал-жабдықтарды сатып алдым. Көптеген ауыл тұрғынынан түрлі жиһаздарға тапсырыстар алып, олардың алғыстарын арқалап келеміз, – дейді жиһаз жасаушы.
Мұнда тапсырыс берушінің талғамын ескеріп, түр-түсін, жасалу формасын таңдау секілді мүмкіндіктер мен аудан орталығындағы үйлерге затты тегін жеткізіп беру сынды жеңілдіктер қарастырылған. Бұл нарық заманындағы тұтынушы тартудың тиімді жолдарының біріне саналады.
Қазір үйінің ауласынан шағын цех ашқан Бағдәулет Асылханұлы кеңсеге және үйге қажетті жиһаздың түр-түрін жасап береді.
– Бүгінде тұрғындардың талғамы жоғары. Көбінесе өз қалауларындағы жиһазды дүкеннен алғаннан гөрі өздерінің ойларындағы дизайнмен ұстаға жасатқанды дұрыс көреді. Мәселен, бір үйді толық жатын, асхана, қонақ, балалар бөлмелеріндегі жиһазды өз идеяларымен әзірлеуді сұрайды. Тапсырыс берушінің ойындағы сапалы дүниелерді дайындауға 2-3 ай уақыт бөлінеді. Ал жекелеген жиһазды 2 аптада жасаймыз. тұрақты тұтынушыларымыз да бар, – дейді Бағдәулет.
Бүгінде Бағдәулеттің цехынан шыққан тамаша жиһаздарды ауданның әрбір үйінен кездестіруге болады. Кәсібі алға басып, күннен-күнге сұраныстар көбейіп келеді дегенге саяды ол. Талапшыл кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін одан әрі кеңейтуді көздейтінін тілге тиек етті.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

24 қыркүйек 2024 ж. 100 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031