Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілмек

Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілмек

Фото: Pixabay.com
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір салық бойынша қарызы 2024 жылы 6 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 22,1 мың теңгеге жеткенде мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ал әлеуметтік төлемдерге: медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақыға қатысты қарыз 1 теңгеден асатын болса, шаралар қолданылады. Енді жаңа ереже аясында, қарыз көлемін қайта қарайтын боламыз. 20 АЕК-ке немесе 73 840 теңгеге дейін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбауды, яғни есепшотты бұғаттамауды ұсынамыз", — деді Ержан Біржанов.


Жаңа ереже бойынша, әлеуметтік төлем бойынша қарызы 20 АЕК және одан жоғары қазақстандықтарға хабарлама жіберіледі. Қарыздың кешіктірілген әр күні үшін үстемақы қосылып отырады. Ал қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін, яғни 73,8-ден 166,1 мың теңгеге жеткенде, салық төлеушіге қарызды өтеу керектігі туралы хабарлама жіберіледі, әйтпесе 30 күн ішінде шара қолданылады.

"Егер салық төлеуші қарызын өтемеген болса және оның сомасы 166 мың теңгеден асып кетсе, онда біз шоттарды жабуға мәжбүр боламыз. 45 АЕК-тен жоғары болса, онда біз тек шоттарды бұғаттаумен тоқтамаймыз, борышкердің есебідегі мүліктен өндіріп алуды жоспарлап отырмыз", – деді Біржанов.
18 қыркүйек 2024 ж. 194 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 160

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 148

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930