Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтардың банкроттығы: Қанша адамның қарызы жабылды

Азаматтардың банкроттығы: Қанша адамның қарызы жабылды

Фото: inkaraganda.kz
Елімізде 87 азамат банкроттыққа өтініш берген. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
«Бүгінге дейін 87,5 мың өтінім түсті. Оның ішінде 10 мың өтінімді қабылдап, өңдедік және жеке тұлғаларды банкрот деп таныдық. Аталған азаматтардың есептен шығарылған қарыз сомасы 20 млрд теңге», - деді Ержан Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілші сауалына орай.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тапсырылуы тиіс құжаттардың тізімі қысқартылды.
«Тұлғалар аясын кеңейту, қосымша кедергілерді жою үшін «бір терезе» қағидатын қолға алдық. Яғни, бұрынырақ олар банкроттыққа өтінім берген кезде банк алдындағы қарызын реттеу туралы құжатты тіркейтін. Кейде бұл құжаттар жоғалып кетіп, кейде дұрыс толтырылмай жататын. Енді біз бұл құжатты тіркеудің қажет еместігін айтып отырмыз. Өтініш берсе болғаны, қалғанын кредиттік бюро арқылы өзіміз реттейміз», - деді Ержан Біржанов.
Айта кетейік, 2023 жылғы наурыздан бастап банктердің, микроқаржы ұйымдарының және басқа да кредиторлардың кредиттері бойынша жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығының заңнамалық рәсімі енгізілді. Банкроттыққа өтініш беру үшін қарыз алушыдан ағымдағы берешегі бойынша және барлық кредитор, мерзімі өткен қарыздың реттелуі туралы көптеген құжат пен мәліметтер беру талап етіледі. Бір құжатты қате ұсынудың өзі қабылдаудан бас тартуға негіз саналады.
06 наурыз 2024 ж. 230 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930