Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: freepik.com
Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кейбір аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жел күшейеді. Түнде және таңертең елдің шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 16 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 16 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 16 қыркүйекте найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде және таңертен Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығыда 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 16-17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. 16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйек 2024 ж. 108 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930