Бүгін бірқатар өңірде жоғары өрт қауіптілігі сақталады – Қазгидромет
Фото: freepik.com
Қазақстан аумағында 8 қыркүйек күні ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы жоғарылап, құрғақ ауа райы сақталады. Солтүстік пен шығыс бөліктерінде салқын жел соғып, жауын-шашынның ықтималдығы жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысы
Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
Қарағанды облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
08-09 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 08-09 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 08-09 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 08-09 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 08 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Түнде және таңертең Ақмола облысының батыстан, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысы
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 08 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 08 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 08 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 08 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 08 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 08 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 08 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.