Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстан бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі - Қазгидромет

Бүгін Қазақстан бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі - Қазгидромет

Фото: Pixabay
Баяу жылжитын антициклон салдарынан Қазақстанның барлық аумағында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
13 қыркүйек 2024 ж. 43 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30