Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр атындағы көше қайта жаңғыртылады

Батыр атындағы көше қайта жаңғыртылады

Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесіне жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Жанқожа батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталып, 691 метрге асфальт қабаты төселген болатын.
Орталық көшедегі жасалып жатқан жұмыстардың жайын аудан басшысына мердігер мекеме «Строй Модуль Астана» ЖШС-нің директоры Жасұлан Шамұратов баяндады.
Аудан әкімі былтыр басталған қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жауапты сала басшыларына Жанқожа батыр көшесінің Т.Бөріқұлақов және Қ.Пірімов көшелерінің қиылыстарына жол айрықтарын салу, Жанқожа көшесінің жаяу жүргіншілер жолын жаңарту, аяқ су трубаларын орнату, көше бойындағы электр бағаналарын ауыстыру және басқа да жобада қаралмаған жұмыстарға толықтырулар енгізуге қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ аудан орталығындағы Әйтеке би көшесін мүмкіндігінше кеңейту және Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында орнатылған жарық шамдарды тексеріп, тиімділігін анықтау жөнінде тапсырма берді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Жанқожа батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолындағы бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Орталық көшедегі қайта жаңғырту жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
 Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 сәуір 2024 ж. 253 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 42

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 45

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031