Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс

Жол құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс

Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Жанқожа батыр мен Әйтеке би көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 4 жолақты жолды кеңейту жұмыстары жасалуда.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жол құрылыстарымен айналысып жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмыс қарқыны мен жол сапасын бақылады, сондай-ақ жауаптыларға жол құрылысы жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырып, бұл жұмыстар күнделікті бақылауында болатынын жеткізді.

Жанқожа батыр көшесінің жол жиегін бекіту, бордюлерді салу, аялдамаларды орнату, Жанқожа көшесінің Қ.Пірімов пен Т.Бөріқұлақов көшелерімен қиылыстарына жол айрықтарын салу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. Ал, Әйтеке би көшесін асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Орталық көшелерді қайта жаңғырту жұмыстарымен «Строй Модуль Астана» ЖШС мекемесі айналысуда.

Сонымен қатар биыл аймақ басшысының қолдауымен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 7 шақырым автомобиль жолын кеңейту жұмыстары да қайта басталған болатын. Қазір мердігер мекеме «Нұрлы-Тау» ЖШС 4 жолақты жол құрылысын қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
27 тамыз 2024 ж. 302 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031