Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда ауқымды тірлік бар

Ауданда ауқымды тірлік бар

Қазалы ауданы жылдан жылға көлемі ұлғайып, халық саны да артуда. Сондықтан елдің жағдайы жайлы болуы үшін әуелі инфрақұрылымды жақсарту абзал. Бұл орайда аудан бойынша 1500 шақырымнан астам электр желілері мен 183 дана трансформатор қондырғылары бар. Электр желілерінің бүгінгі күні тозу көрсеткіші 75 пайызды құрап отыр.
2022 жылға "Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру" шеңберінде Қазалы қаласының 10 көшесін жарықтандыруға республикалық бюджеттен қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 348 жарықшам орнатылды. Жалпы ұзындығы 10,72 шақырым электр желілері тартылды.
Сондай-ақ Әйтеке би кентінен көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау) үшін әзірленген жоба Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қаржыландыруға ұсынылды. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен ПС-35/5квт қосалқы станциясының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен ақша бөлініп, жоба әзірленуде. Электрмен қамту саласы бойынша өткен жылдан өтпелі 1 жоба Қазалы қаласына қатысты жүзеге асырылуда.
– Жоба бойынша 16,64 шақырым электр желісі жаңартылады. Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға Ұлттық қор есебінен қомақты сома бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Қазалы қаласы, Ү.Түктібаев, Қожабақы, Бірлік, Жанқожа батыр ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 2024 жылға қажетті қаржыға өтінім тапсырылды.
Сондай-ақ 8 елді мекеннің – Ақтан батыр, Абай, Өркендеу, Бозкөл, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Сарбұлақ, Ажар, Шитүбек электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба әзірленуде, – дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов.
Су – тіршілік көзі
Сарбұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (скважина) жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме тарапынан жоба әзірленуде.
Сарқынды суларды бұру қызметі бойынша Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жобаларын әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
– Кәріз жүйесін кеңейту жобасы бойынша аудандық аурухананың екінші ғимаратынан (инфекционный) бастап жаңадан ашылған тұрғын аймақтар мен мөлтек ауданда орналасқан көп қабатты үйлер қамтылатын болады.
Қайта жаңғырту жобасы бойынша пайдаланудағы құбырларды жаңартып, кәріз желісінің жүру бағытына өзгеріс енгізіледі. Әйтеке би-Жанқожа көшелері арқылы Орталық базар аумағын қамту және тұтынушылар санын арттыру жоспарланған.
Көгілдір от шаруаны жеңілдетеді
Мамандардың мәліметінше, ауданға қарасты газ желісі жүргізілген 4 елді мекендегі 8 нысанды – 4 клуб, 4 әкімшілік газға бейімдеуге жоба әзірлеуге аудандық бюджеттен ақшасы қаралып, жоба әзірленуде.
«ЮгГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 5 елді мекенге – Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаевқа магистральдық газ құбырын жеткізу үшін жоба сметалық құжат әзірленген. Қаржыландыруға ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды. «ЮгГазПроект» ЖШС осы жобаның ІІ-кезеңі ретінде Қожабақы, Аранды, Жанкент, Бірлік елді мекендерін газдандыру жобасын әзірлеуде.
Жайлы жол қатынасты жақсартады
Аудандық маңыздағы автомобиль және елді мекен ішілік жолдардың жай-күйі көңіл көншітпейді. Ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 406 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы және елді мекендердің 430 шақырымды құрайтын 470 көше жол торабы бар.
2022 жылға жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайтын 9 жол мен 1 көпір құрылысын жүзеге асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1,8 миллард теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Биыл жалпы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғырту және орташа жөндеуден өткізуге республикалық және облыстық бюджеттерден өткен жылға бөлінген сомадан екі есе қаржы қаралды.
Оған 51 шақырымды құрайтын 3 аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу, 1 жолды қайта жаңғырту және 30,3 шақырымды құрайтын 43 көшені орташа жөндеу, 17 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.
Қожабақы-Бозкөл және Қожабақы-Жалпақ бағытындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары «Қазалы жолшы» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Жобаға миллиардтаған қаржы құйылды.
Мұратбаев елді мекеніне кіре беріс 0-5 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу «Строй модуль Астана» ЖШС-гі арқылы іске асырылды. Автомобиль жолының бұзылған учаскелері толықтай қалпына келтіріліп, 5 шақырымға асфальт бетон қабаты төселді. Бүгінде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. «Бозкөл-Тасарық» 13 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, «Қазалы Жолшы» ЖШС-мен келісім шарт жасалды.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінің 15 көшесіне, Ү.Түктібаев елді мекенінің 6 көшесіне және Ғ.Мұратбаев елді мекенінің Қуандық әулие көшелерін орташа жөндеуге қаражаты шешілді.
Әуезов, Алтынсарин, Асан қайғы, Әл-Фараби, Әубәкіров, Счастнов, Түктібаев ауылының Ә.Қаналиев, Орымбет Ишан, Жаңа жол және Жаңа жол тұйығына жөндеу жұмыстары бөлінген қаржыға сәйкес аяқталды.
Әйтеке би кентінің Қазыбек би және Ғ.Мұратбаев ауылындағы Қуандық әулие көшесінің негізігі қабатын тегістеу және гравийлі құмды қоспа қабатын төсеу жұмыстары атқарылды.
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің Жангелдин, Жанаділов, Нұрбай би, Сансызбаев, Құлтасбекова, Жалдыбай жырау, М.Шоқай, С.Сейфуллин көшелерін және Ү.Түктібаев ауылының Алға, А.Жұбатырова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
Әйтеке би кентінің Жанқожа батыр мен Әйтеке би көшелерін қайта жаңғырту жұмысын бастауға берілген қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп, «Строй модуль Астана» ЖШС-мен келісім шарт жасалды.
«Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласының 15 көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-і қазір 13 көшенің негізгі қабатын күшейтіп, гравийлі құмды қоспа қабаты төсеп, 4 көшеге қара шебін мен асфальт қабатын құйды.
Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыру мақсатында Әйтеке би кентінің 11,5 шақырымды құрайтын 23 көшесіне қиыршық тас төселеді деп күтіліде. Осы күні 18 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталып, қалған көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Одан бөлек аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Қазалы ауданы «Лақалы ауылына кіре беріс» және «Бекарыстан би-Шөмішкөл» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жобаларын бастау қолға алынды. Бұл кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 тамыз 2023 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930