Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық тәрбие құндылығы

Ұлттық тәрбие құндылығы

Халқымыздың ұлттық құндылықтары күні бүгінге дейін өз маңызын жоймады. Ең құнды тәрбие – ұлттық тәрбие. Бүгінде ұлттық тәрбиенің негіздерін жалпы ұрпақ тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу қажет. Ұлтымыздың болашағы, оның ұрпағымен тікелей байланысты. Саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу ісі бүгіннен кешікпеуі керек. Қоғам өміріне бейім, заманауи сауатты, жан-жақты қабілетті қоғам мүшесі болуға да тәрбиелеуіміз керек.

Ұрпақтың бойына қайырымдылықтың, ізгіліктің дәнін сепсек, адамгершіліктің асыл қасиеттерін бойларына жыйып өссе дейміз. Күнделікті тәрбие жұмысының негізгі бағыты да салт-дәстүр, таным-түсінігімізді барынша сауатты түсіндіріп, ортамызға қайта оралту.
Отанын сүю, ұлтын құрметтеуі үшін жеткіншек бала күнінен өз ұлтының құндылықтарын біліп, қастерлеп өсуі керек. Үлкенді қадірлеу, қонақжайлылық, қоршаған ортаға құрметпен қарау, туысқандық, бауырмалдық, еңбексүйгіштік, жан-жануарларға жанашырлық таныту тағы да басқалары – біздің тұрмыс-салтымызбен тығыз байланысты дүниелер. Отбасы құндылықтары мен дәстүрлеріміз, салттарымыз әрбір шаңырақтың шаттығына негіз.
Алдымен ата-ана өз баласына ата-баба салтын сіңірудің алғышарттарын жасаса, қалғанын білім ұялары қостап әкетуі керек-ақ. Сонда ғана елін, жерін сүйетін шынайы патриоттар қатары молая түседі.
Жас ұрпақты әдепті де, саналы етіп, тәрбиелеу үшін ең алдымен, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дәстүрлі дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қаны қалғанша, қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру – әр отбасы мен ата-ананың, білім ордасының міндеті. Елді сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбие бүгінгі балалардың бойынан табылуы керек.

Гүлмира ТӨЛЕМІСОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

07 қыркүйек 2024 ж. 118 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031