Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы –тәрбиелі ұрпақ

Ел болашағы –тәрбиелі ұрпақ

Жас ұрпақтың тәрбиесі барлық кезеңде де қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл ретте «AMANAT» партиясы жаңа бастаманы қолға алып, «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тәрбие беру тұжымдамасын енгізуді көздейді. Осы орайда бүгін Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде өткен мәжілісте «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбы талқыланды.
Жиынға аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің директоры Арман Мусаев, колледж ұжымы және студенттер қатысты.
Жиынды ашқан Нұрғиса Жаппарбергенұлы кездесудің негізгі мақсаты – тәрбие беру тұжымдамасын енгізу барысында ұсыныс-пікірлерді жинақтау екенін атап өтті.
Мұнан соң партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш сөз алып, ұлттық тәрбиені бала тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу, оны ұштастыру бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік екеніне тоқталды. Сондай-ақ, балаларға кері әсер ететін жағдайларды жою жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы азаматтар қаладағы білім беру орындарына учаскелік инспекторларды бекіту, жасөспірімдерге ақпараттық жүйелерде шектеу қою сынды ұсыныстарын айтты.
Мұнан соң аманаттықтар Мемлекет басшысының кезекті Жолдауындағы жаңа бастамалар партияға айрықша міндеттер мен үлкен жауапкершілік жүктейтініп айтып, жолдаудағы ауыл-аймақтағы тұрғындардың жағдайын арттыру бағытындағы жобалар туралы сөз етті.
#AMANAT
13 қыркүйек 2023 ж. 323 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031