Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылық зардап тудырады

Зорлық-зомбылық зардап тудырады





Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, жыныстық сипаттағы және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Күш көрсету зорлық-зомбылығы орын алған жағдайда учаскелік полиция инспекторымен жәбірленушіге сот медициналық сараптамасы тағайындалып, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделеді. Ағымдағы жыл басынан жоғарыда көрсетілген баппен 11 азаматтың ісі сотқа жолданып, тиісті шешім шығарылды. Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен бақылау жүргізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмысы тұрақты жүргізіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық өз бетінше тоқтай салмақ емес, оның салдары үлкен үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. Көмек көрсету үшін 102 арнасы әрдайым байланыста.

Қазалы ауданы полиция бөлімі
09 ақпан 2024 ж. 335 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 176

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031