Қазақстан жазғы және қысқы уақытқа үш жылдан соң өтуі мүмкін
Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу мәселесі тек үш жылдан кейін қаралатын болады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Министрдің сөзінше, уақытты өзгерту мәселесі шынымен де қоғамда көп талқыланып жатыр, алайда тек арада уақыт өткен соң оның әсерін білу мүмкін болмақ.
«Қысқы және жазғы уақытқа көшу бұрын қолданылған. Қазір Украинада да осыған ұқсас мәселе талқыланып жатыр, олар ауысудан бас тартпақ. Депутаттардың уақытты өзгерту бойынша ұсынысы назар аударуға тұрарлық нәрсе. Алайда өтініштің қорытындысы бойынша комиссияны толық талдап, ғылыми қорытындыны ресімдеу үшін уақыт қажет», – деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі үш жыл ішінде қосымша зерттеулер жүргізеді. Кейін оның нәтижесін жариялайтын боламыз, деп отыр министр.
Министрдің сөзінше, бұл ғалымдардың пікіріне байланысты анықталады. Уақытты өзгерту бойынша тұтас комиссия, ғалымдар жұмыс істеген.
«Уақытты өзгертудің зияны туралы дәлел жоқ. Шешім қабылданғанға дейін барлық дәлелдер берілді. Олар жан-жақты қарады. Бұл – сауда вице-министрінің емес, жұмыс тобының алқалы шешімі болды. Сондықтан үш жылдың ішінде зерттеу жасап, зияны бар ма, жоқ па, көрсетеміз», – деді Арман Шаққалиев.