Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жекеменшік мектептердің білім сапасын қадағалайтын жүйе болуы керек - мәжілісмен

Жекеменшік мектептердің білім сапасын қадағалайтын жүйе болуы керек - мәжілісмен

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жолдаған сауалында жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында жекеменшік мектептерге республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатынын, әр балаға бөлінген нормативтің, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаржының мақсатты және тиімді пайдаланылуы туралы, азаматтар осы қаржының қалай жұмсалып жатқаны жөнінде шынайы ақпаратқа қол жеткізуі тиіс екенін нақты айтты.

Жекеменшік мектептерге бөлінетін қаржының мөлшері, оның тиімді және ашық жұмсалуы, сондай-ақ білім беру сапасына қойылатын талаптар мемлекетіміздің болашағы үшін өзекті. Жекеменшік мектептерде білім алушылардың құқықтары мен мүдделері қорғалуы қажет, сондықтан мемлекеттік тапсырысты орналастыру барынша әділ және ашық болуы шарт, - деді депутат.

Осы орайда мәжілісмен бірқатар ұсыныс жасап, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін қайта қарау қажет екенін алға тартты.

Қазіргі жүйеде әр балаға арналған қаржы жалпы сипаттағы трансферттер (ТОХ) бойынша қарастырылады. Алайда қандай да бір себептермен жекеменшік мектептерге бөлінетін қаражат республикалық бюджетке жүктелген, ал өңірлердегі балалар саны өзгеріссіз жергілікті атқарушы билік органдарында, яғни білім басқармаларында қалып отыр. Бұл дегеніміз, өңірлерде балаларды мемлекеттік мектептерден жекеменшік мектептерге ауыстыра отырып, қаржыны өздеріне қалдырып отыр. Мұндай жағдайда қаржының әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін механизмді қайта қарастыру қажет, - деді мәжілісмен.

Сонымен қатар ол барлық бала тең дәрежеде сапалы білім алуына мүмкіндік қарастырылып, жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырыс балалардың оқулығын және ыстық тамақпен қамтылуы проблемасын шешуге бағытталуы тиіс деп отыр.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектептерде 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Алайда 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, бұл соманың 103,5 млрд теңгесі игерілген, қалған 30,4 млрд теңге тек 1 айға қаржыландыруға жеткілікті. 2024-2025 жылға жекеменшік мектептерге қосымша қаражат бөлу мәселесі Республикалық бюджеттің нақтылауы болмағандықтан шешілмей тұр, - деді ол.

Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша, 1,4 млрд теңге көлемінде кредиторлық қарыз бар. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қаңтарында қосымша қаражат бөлуге өтінім дайындалған, әлі күнге дейін шешім қабылданбады.

Сүлейменова жекеменшік мектептердегі білім сапасына да тоқталды.
04 қыркүйек 2024 ж. 69 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30