Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жекеменшік мектептерде ата-ана төлемақысының шекті мөлшері екі есе төмендетіледі

Жекеменшік мектептерде ата-ана төлемақысының шекті мөлшері екі есе төмендетіледі

Қазақстанда жекеменшік мектептердеата-ана төлемақысының шекті мөлшері екі есе төмендетіледі. Тиісті бұйрықты Оқу-ағарту министрлігі дайындады.
"Жекеменшік білім беру ұйымдарында балалар үшін оқудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ата-ана төлемақысының мөлшерін 50%-ға қысқарту көзделеді", - деп жазылған түсіндірме жазбада.
Бұйрыққа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекеменшік ұйымда білім бергені үшін төлемақының шекті мөлшері:
жалпы білім беру бағдарламалары үшін 600 АЕК – 2,07 миллион теңге;
аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламалары үшін 1200 АЕК – 4,14 миллион теңге болады.
Белгіленген бағаға жатын орын, оқушыларды мектепке жеткізу, қосымша білім беру қызметтерін көрсету, сондай-ақ оқушыларды тамақтандыру ақысы кірмейтіні аталып өткен.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, ол 16 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
03 тамыз 2023 ж. 246 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031