Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы қандай зауыттар жекеге өтетіні белгілі болды

2024 жылы қандай зауыттар жекеге өтетіні белгілі болды

Мемлекеттік мүлік комитеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған жекешелендіру жоспарын қалай орындап жатқанын хабарлады. Жеке қолға өтетін кәсіпорындардың қатарына бірнеше зауыт қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com

Жекешелендіру жоспарына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың 637 нысаны кіреді. Оның бесеуі – республикалық меншікте, 219-ы – коммуналдық меншікте, 265-і – ұлттық компаниялар мен холдингтерге тиесілі, тағы 148-і – ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қарамағында.

2024 жылдың басынан бастап жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне келесі компаниялар қосылды:

"East Copper" ЖШС ("Тау-Кен Самұрық" мұнай-газ компаниясының бағалы металдарды өндірумен айналысады);
"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС ("Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының нысаны, Tele2 ұялы байланыс операторы);
"Зенит Орал зауыты" АҚ ("Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ құрылымдарының бөлігі, әскери катерлерді, машиналар мен жабдықтарды шығарады);
"GPC Investment" ЖШС ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ құрылымдарынан, Қашағандағы газ өңдеу зауыты жобасының операторы).
Тамыздың аяғында жекешелендіру жоспарында көрсетілген 637 кәсіпорынның 385-і жалпы құны 399,7 млрд теңге болып, жекеге өткен. Тағы 67 заңды тұлға қайта құрылып немесе таратылып жатыр, 22 компания аукционға, 163-і сатуға дайындалып жатыр. Қазір жоспар 71% орындалды.
04 қыркүйек 2024 ж. 143 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031