Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би алаңы абаттандырылуда

Әйтеке би алаңы абаттандырылуда

Бүгінде аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан орынның бірі – теміржол вокзалы алдындағы Әйтеке би алаңы.

Мұндағы абаттандыру жұмыстары мамыр айының басында басталған болатын. Мердігер мекеме «Сенім-Табиғат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бүгінде мұнда жаяу жүргіншілер жолын салу, түнгі жарықшамдарды сырлау, гүлдер мен көгал егу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар жаңа үлгідегі орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, аркаларды жаңарту, безендіру жұмыстары жүргізілмек. Алдағы уақытта бұл орын қазалылықтардың серуендеп, демалатын орталығына айналмақ.

Бүгін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы барып, жұмыстың сапасын бақылады.


Сондай-ақ Әйтеке би кенті әкімі мен мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне жұмыстың өте баяу жүріп жатқандығын айтып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.
20 шілде 2024 ж. 297 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031