Оқуға дайынсың ба, оқушы?
Фото: ашық дереккөзден
Жаздың соңғы айы жақындасымен ата-анада дегбір қалмайды. Тамыз туа салысымен таным көрмейтін ата-ананың алдында ұл-қызының эмоционалды, психологиялық тұрғыдан мектепке әзірлігінен бұрын, қатарынан қалдырмау мәселесі тұрады. Әупірімдеп әлеуметтік жағдайын жасап отырған жауаптылар үшін бұл жауапты кезең. 2003 жылдан бастап елімізде бірыңғай мектеп формасы белгіленгенімен, сауда қатарында түр-түрі бар. Мәселеге байыптадық.
Бірыңғай форма бірдей ете ме?
Сол кезеңдегі оқу-ағарту министрі бұйрық шығарып, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қызу қолдаған. Айтуларынша, өзгеріс оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен басқа да ерекшеліктерді болдырмауға бағыттайды. Таңдалғаныы зайырлық сипаттағы классикалық үлгі
Ер балалардың формасына пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, поло жейде немесе тенниска белгіленсе, қыз балаларға пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде таңдалған. Ережеде галстук тағуды міндеттелмейді. Егер білім беретін ұйым өзінідік ерекшелігін біліретін эмблема, шеврон, өрнекті нақыш жабыстырса, қарсыластық танытылмайды. Белдемшенің тым ұзын болмауы, тізеден түсіп тұруы қадағаланады.
«Мектепте оқитын 4 оқушысы бар үйде тұрамыз. Оқу жылы басталған соң, форманың түр-түрін тіктіретін дағды қалыптасқан. барлығының жағдайы жақсы ма, әлде мен ғана «кедейлік пікірден» арылмағанмын ба, қарсылық танытатын бір адам болмайды. амалсыз «Көппен көрген ұлы той» деп келісуімізге тура келеді. біріншы сыныпта оқитын қыз балама мектепке барада екі белдемеше, екі кофта, бір жакет алғанмын. Солардың ішінен тек кофтаны киді. Ал үшіншіде оқитын қызым көйлек тіктірді. ешқайсысын киген жоқ», – дейді Самал Есмұратқызы.
«Қызым төртіншіге барады. Бірінші сыныпта ашық сабақ өтетін болып, бүрынғы форма көйлекке ұқсас форма тіктірдік. Жақсы болып шықты. Жібі сетінемеді, матасы түтемеді. Мұны сынып болып үрдіске айналдырдық. жыл соңында немесе жазғы демалыста ортақ чатта киім үлгісін таңдаймыз. Тиімді. бағасы да арзанға түседі. Мен өзгелерге осы жолы ұсынар едім», – Гүлмарал Шахмарал.
«Маған бірыңғай форма ұнамайды. Талғам деген болады. Бір типте киінгенмен, әрқайсысының өз ерекшелігі болуы керек. Мұндай ұсынысты анама айта көрмеңіз. Мен оған ешқашан келіспейтін едім», – дейді бесіншіге баратын Сәбина Мұрат.
Қандай киім керек?
Сарапшылары балаларды мектепке дайындауға қанша ақша қажеттігін есептеді.
Жүргізілген анкетиа нәтижесінде мынандай мағлұматтар белгілі болып отыр. Оқушыға сөмкеден бастап (құны – 3700-5750 теңге аралығында), қалам сауыты (825-1500 теңге аралығында), дәптер (25-30 теңге), күнделік (3000 теңге), бояу қалам (270-1500 теңге), қара қалам (50 теңге), түрлі түсті қағаз (250-1000 теңге) немесе ақ парақ (10 теңге), акварельді краска (675 теңге), кітап, дәптер қап (250– 1500 теңге), қаламсап (50-350 теңге), санағыш (300 теңге) не циркуль (750-1350 теңге) сынды жас ерекшеліктеріне орай қажетті құралдар қажет. Сөмке мен оның ішіндегі заттардың орташа құны ата-аналарға 15 500-20 000 теңге көлемінде. Оқу құралдары бағасы оқу жылымен салыстырғанда 30 процентке артқан. Оған мектеп формасы жинақталған базалық жиынтықты қосыңыз. Ауыстырып киетін екі жейде құны қыздар үшін әрбірі 2400-6000, ер балалар үшін 2400-4000 теңге. Спорттық киім 7 сынып оқитын қыз балалар үшін 16800 теңге. 3-сынып оқитын ер баланың екілігінің бағасы 7950 теңге. Осыдан бір жыл бұрын 16 000 тұратын бастауыш сынып балаларына арналған классикалық костьюм-шалбар 18500 теңге. Жоғары сынып оқушылары 25000-30000 теңге тұратынын киеді. Шұлық 350-500 теңге, майка 600-1200 теңге. Сарафан 5 320 теңге, белдемше 3000-7000 теңге аралығында.
Бұл кезеңде репетиторлар мен қосымша білім тәрбие беретін орындарға деген сұраныс та асқақтайды. Оқу маусымы басталысымен құны көтерілетін қатар ноутбуктертер мен телефондар. Мамандардың айтуынша, аталмыш тауарларға сұраныс оқу жылы басталар тұста 40 процентке артатын көрінеді.
Психолог пайымы
«Баланы мектептке дайындау ата-анадан салғырттықты көтермейді. Әсіресе жаңа білім ошағының есігін ашатын бүлдіршіндер үшін бұл маңызды. Мектепке баланы жүйелі түрде дайындай отырып, сіз болашақ бірінші сынып оқушысына тыныш және қуанышты жаңа әлемге кіруге көмектесе аласыз. Отбасындағы материалдық жағдай қиындық тудырса да, мүмкіндігінше, өзі қалаған киім не заттарын не соған ұқсасын алып берген дұрыс. Тағы бір мәселе, ата-ана баланы киіммен, азық-түлікпен, басқа да қажеттілікпен қамтуға міндетті. «Қанша ақшамды саған құртып жатырмын? Дұрыс оқуға міндеттісің. Еңібегімді қайтармадың» деп міндетсіну онсыз да ұзақ уақыт демалып қалған баланың қалыпқа түсіп кетуіне көмектеспей, санасына күш түсіреді», – дейді психолог Лиля Базарбайқызы.
«Мектепке жол» – жақсылыққа бастама
Қазақстанда жалпыға бірдей тегін білім алу қарастырылған. Ал баласын ақылы түрде оқытамын деген ата-ананың қалауына де ерік берілген.
Мектеп формасы мен қажетті жабдықтарға қолжетімділік жағдай жасау үшін қолға алынған үлкен бастама «Мектепке жол» бірнеше жылдан бері көпті қуанышқа бөлеп келеді. Биылғы жылы аудандағы ахуал туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Ерімбетовтен сұрадық.
«2024-2025 оқу жылында аудандағы әлеуметтік осал топтағы оқушыларды қолдау мақсатында- 4166 оқушыға «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен 43407 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қазіргі таңда мектептермен құжаттарын қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың 10- тамызына дейін ата-аналары мен заңды өкілдерінің есеп-шоттарына қаржысы түсірілді», – дейді.
Ал "Мектепке жол" акциясын ұйымдастыру туралы сауалымызға 2024 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу Тұжырымдамасы, жоспары мен бұйрығы білім беру ұйымдарына жолданып, арнайы бұрыштар орнатылғандығын жеткізді.
2024-2025 оқу жылында аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың балаларына қайырымдылық көмектер көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясының аясында 519 оқушыға қаржылай көмекке қол жеткізген. Яғни осынша бала мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарымен қамтылуда.
Чек сатып аламын
Әлеуметтік көмек алатындар арасында да түрлі проблемалар кездеседі. Мәселен өткен жылы көпбалалы отбасының 1 баласы ғана көмек алса, биыл олардың қатары тағы бірге артқан. Өткен жылы екі мектепте оқитын екі баласы үшін құжат тапсырып, көмек алғандар да болыпты.
«Мектепке форма, құралдар алсаң, чегін алуды ұмытпашы, мектеп сұрап жатыр», – деді көпбалалы танысым. не себепті фискальді чек сұрағанын сұрағынымда, танысым: «Биыл екі балам көмек алып тұр. Үлкеніне киімді туыстарымыз алып берді. екініші қызымның былтырғы мектепалды даярлық тобында киген киімі жаңасымен тұр. Маған одан кейінгі екі ұлымы киім алуым керек», – деді қиналысын білдіріп.
Чек сұраушыларды сауда орындарынан да кездестірідік. Әңгімеге тарттым.
«Жасырмаймын. Амалсыз барып тұрмын. Басқа балама әртүрлі киімдер аламын. Өткен жылы чекті 2000-ға сатып алғанмын, биыл 4000 деп тұр. Өзім жұмыссызбын. Күйеуім маусымдық жұмыс істейді. 4000 теңге мен үшін қомақты қаражат», – дейді өзін Айғаным деп таныстырған келіншек.
Түйін. Әр бала ата-ананың ереңгі сенімін жалғайтын жақыны. Сондықтан қолдан келсе, аянбауға бар. Біз сөз еткен баға ең төменгі, аудандағы арзан сауда қатарынан алған мәлімет. Алматылық туысым тоғызыншы сыныпқа көшкен қызына 270 000 теңге жұмсағанын айтты.
Балаңыз мектепке дайын ба? Ой қосыңыз, оқырман.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА