Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр елдердің мектеп формалары

Әр елдердің мектеп формалары

Барлық елде мектеп формасына деген көзқарас бірқатарлы емес.
Жаңа оқу жылы да келіп жетті. Оқушылар қалам-дәптерлерімен қоса мектеп формаларын дайындап әлек. Және біздің ғана ел емес, әлемнің бар оқушысы мектепке қамданады. Барлық елде мектеп формасына деген көзқарас бірқатарлы емес. Бір жағынан балалар арасында теңдік қалыптасса, екінші жағынан сапасына көп сын айтылады және оқушылар форма киюге құлықсыз болып жатады.
Ұлыбританияны алғаш мектеп формасын енгізген ел деп есептейді. Онда мектеп формасына тек үстіңгі киім емес, аяқ-киім, тіпті шұлыққа дейін кіреді. Әрбір мектептің өз формасы бар және ол мектеп қабырғасында сақталып, оқушыларға тегін беріледі. Формаға сонымен қатар міндетті түрде мектептің логотипі бар бас киім немесе шляпа және галстук таратылады.
Францияда мектеп формасы тек 1927-1968 жылдары ғана болған. Қазір тек кейбір оқу орындарында ғана бар.
Германия бірыңғай мектеп формасын алып тастағанына 50 жылдан асты, бірақ кейбір гимназиялардың өзіндік формалары болады.
АҚШ пен Канадада жеке мектептерде өз формалары бар, ал мемлекеттік мектептерде бірыңғай форма жоқ, бірақ арнайы dress code сақталуын қадағалайды. Бұл елдерде бір оқу орнын екінші оқу орнынан айыру үшін қызмет атқарады.
Кубада оқушылар ғана емес, студенттер де бірыңғай форма киеді.
Индияда мектеп формасын кию міндетті және ұлдардың мектеп формасы ашық түсті жейде мен қара, не көк түсті шалбардан тұрады. Қыздарға жейде мен белдемше кию міндеттеледі, кейбір мектептерде бір түсті сари киюге рұқсат. Қосымша галстук тағады.
Турцияда біраз уақытқа дейін ашық көк түсті мектеп формасы киіліп келген. Соңғы жылдары бұл форманы алып тастап, әр мектеп өзіндік формаларды енгізуді бастады.
Ең сәнді мектеп формалары Жапонияда болар. Ең алғаш рет форма 1885 жылы Токиолық император мектебінде енгізілген болатын. Содан бері ол аса қатты өзгеріске ұшыраған жоқ. Әрбір мектептің өзіндік формасы болады, алайда түр-түстері бір-біріне ұқсап келеді. Ұлдарда бұл көбіне ақ жейде, мойны көтеріңкі қара пиджак пен шалбар. Бұл костюм «гакуран» деп аталады. Ал қыздарда ақ жейде мен қара пиджак, қысқа белдемше немесе «сейлор фуку» — «матрос костюмі».
Мьянмалық бүлдіршін оқушылар қарапайым шалбар кисе, ересектер ұлттық лонж-белдемшелер киеді. Ал беттеріне ағаштан жасалатын танака атты опаны күннен қорғау үшін жағады.
Бутандық мектеп формасы да гхо ұлттық киімінің нақышында тігілген.
Кейбір мұсылман елдерде мектеп формасының құрамына орамал да кіреді. Мысалы, Пәкістан.
Ал кейбірі орамал тағу-тақпауда еркіндік ұстанады. Мысалы, Сирия.
Мектеп формасының әртүрлілігімен Африка елдері ерекшеленеді екен.
Уганда мектеп формасы.
Оңтүстік Африка
Кения
Замбия
    
Гаити
Солтүстік Корея оқушыларының мектеп формалары Кеңес заманындағы элементтерден құралған сыңайлы. Қызыл галстук бұл елде әлі актуалды.
Қазақстанда біріңғай мектеп формасы 2003 жылдан бері біртіндеп енгізіліп келеді. Қазіргі уақытта ол ақ жейдеден, қара көк пиджак, жилет және шалбардан тұрады. Ал қыздарға ақ жейде, жилет, белдемшеге қоса шалбар да болады.
kyn.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 3 937 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930