Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың скринингтік зерттеулерден қашан өту керектігі белгілі болды

Қазақстандықтардың скринингтік зерттеулерден қашан өту керектігі белгілі болды

Фото: akorda.kz
Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 16 тамыздағы бұйрықпен скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың мақсатты топтарын, сондай-ақ скринингтік зерттеулерді жүргізу ережелерін, көлемі мен кезеңділігін жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларда скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болу қауіп факторларын анықтау және алдын алу мақсатында клиникалық белгілері мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені болып белгіленді.

Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.

Скринингтік зерттеулер динамикалық байқауда тұрмайтын адамдарға аурулардың тиісті түрлері бойынша жүргізіледі.

Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі

АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.

Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:

  • халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
  • осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;
  • халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;
  • скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;
  • МАЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;
  • денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:

  • дайындық кезеңі;
  • негізгі кезеңі:
  • пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен;
  • түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен;
қорытынды кезеңінен тұрады.
Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету;
скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.
Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді.

Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:

  • сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
  • антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;
  • қан қысымын өлшеу ;
  • экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;
  • скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.
22 тамыз 2024 ж. 72 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30