Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық құлыншақтар Азия үздігі атанды

Қазалылық құлыншақтар Азия үздігі атанды


Бірер күн бұрын «Гауһар Тас-2» балабақшасының бүлдіршіндері «Аспапта орындаушылық өнері» арқылы халықаралық сайыста аудан мерейін үстем етті.
Бұған дейін, яғни 24-25 ақпан аралығында «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Шабыт қанатында» IV Республикалық шығармашылық конкурсына қатысып, бас жүлде иемденген еді. Ізін ала Алматы қаласында 8-9 мамыр күні өткен «Жеті Өнер» VIII Халықаралық байқауына жолдама алды.
Алматы қаласында да қарсылас командаларды қапы қалдырып, Өзбекстанда өткен «Жеті Өнер-Ташкент» Халықаралық өнер фестиваль-конкурсына аттанды. 3 мемлекеттен келген 45 топтың арасынан «Аспапта орындаушылық өнерімен» көзге түскен «Гауһар Тас-2» бүлдіршіндер ансамблі бас жүлде иеленіп, «АZIA ÜZDIGI-2024» арнайы жүлдесімен марапатталды.
Балалардың бойынан өнер ұшқынын байқап, бұлақтың көзін ашуда Тұрсынай Ешмағамбет басқаратын балабақша педагогтерінің үлесі мол. Жеңімпаздарды шың биігіне шығарған ән жетекшісі Нағима Қарымсақова мен топ жетекшісі Гауһар Қолдасбаеваны айтулы жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

20 тамыз 2024 ж. 149 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930