Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық турнирі өтті

Қайырымдылық турнирі өтті

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген тәмсіл бар. Иә, жоққа қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет емес пе?

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры қатар жүретін қатігез өмірдің басты тірегі. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу – әрбір адамның парызы.
Мойнындағы осынау парызды орындау мақсатында Қазалы қаласының оңтүстік жастарының ұйымдастыруымен жақында кіші футболдан қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Шаршы алаңдағы бәйгеге 8 команда сайысқа түсіп, үздіктер анықталды. Сайыс­ты Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге 8 команда ішінен ширек финалға тек 4 команда жолдама алды. Өзара бақ сынаған 4 команданың ішінен «Тұран» командасы өзгелерден оза шауып, І орынды қанжығасына байлады. Ал ІІ орынды «Спарта» командасы иеленсе, «Достық» командасының жігіттері ІІІ орынды місе тұтты.
Турнир соңында жеңім­паздарға алғыс хат беріліп, арнайы ауыспалы кубокпен, медальдармен марапатталды. Бір қызығы, ұтқан жүлдені ақшалай алғанша, қайырымдылыққа жұм­­сай­мыз деп шешкен жігіттер қайырымдылыққа өз үлестерін қосты. Олар әлеуметтік осал топтағы 8 баланың мектепке оқу құралдарын алып, ойын соңында балаларға табыстады. Турнирге арнайы шақырылған ата-аналар да ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Көрдіңіз бе? Жігіттер жасаған ізгілікті іс бірнеше отбасына қуаныш сыйлады. Қайырымдылық жасауға үлкен дүниенің керегі жоқ, тек мейірімге толы жүрегіңіз болса болғаны.

Айнұр ӘЛИ
17 тамыз 2024 ж. 432 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930