Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарға қолғабыс көрсетті

Қарттарға қолғабыс көрсетті

Қайырымдылық – ең ізгі қасиеттердің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қарттарға қолғабыс ету, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Осындай игі істің ұйытқысы болып жүргендер қатарында Қазалы қаласындағы Ғани Мұратба­ев атындағы №17 орта мектеп­тің оқушылары да бар. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Қазақ­стан – мейірімділік мекені» атты республи­калық балалар бастамасы аясында Қазалы қаласы Абай көшесі №23 үйдің тұрғыны, тыл ардагері Андрон Криков қарияның үйіне барып, қол көмектерін беріп, алғысқа бөленіп қайтты. Сон­дай-ақ, осы мектептің 8 «а» сынып оқушылары Мергенбаев көшесі №11 үйдің тұрғыны жалғыз басты ана Рашида Кутлубулатованың шаңырағында болып, үй шаруасына көмектесті. Ал, 9 «ә» сынып оқушылары аула сыртын тазалады.
«Әр баланың жүрегі мейірімге толы. Олардың қолынан бәрі де келеді. Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Мектеп қабырғасында шәкірттерге білім берумен қатар оларды еңбекқорлыққа, жат қылық, жаман әдеттен бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу басты міндетіміз», – дейді №17 мектептің тәлімгері Айнұр Сыдық.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
26 қаңтар 2019 ж. 2 530 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930