Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдік пен ерліктің қос қанаты

Елдік пен ерліктің қос қанаты

Жақында Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Елдік пен ерліктің қос қанаты» атты даңқты батыр әрі би Шағырай Мырзакелдіұлы және Дабыл Бекшеұлы батырлар туралы ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияны Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ҚР мәдениет саласының үздігі, тарихшы, зерттеуші Болат Әбенұлы Жолтаев жүргізіп, құрметті қонақтарға сөз берді.
Игі басқосудың алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы ашып, аудан әкімінің құттықтауын табыстады.
– Қазақ халқы өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық деп айтсам, қателеспеспін деп ойлаймын. Небір қиын-қыстау жаугерлік заманында елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымыз, батырларымыз аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Солардың бірі – даңқты батыр әрі би Шағырай Мырзакелдіұлы мен Дабыл Бекешұлы. Бүгінгі басқосудың да негізгі мақсаты осынау азаматтарды дәріптеу, елге, жұртқа танытып, есінде қалдыру.
Біз қазір «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы. Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз! – деді Д.Тілеуімбетов.
Мұнан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылым­дарының магистрі, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі – Бауыржан Мухаррамұлы «Аты аңызға айналған Қарасақал Шағырай батыр және заманы», «Ұлы даланың – Дабылы» атты баяндама жасады. Сонымен қатар Ұлан Кеңшілікұлы конференция тоқтамын жасап, баба ұрпақтары ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Шара барысында Кеңес Болат­бекұлы «Шағырай, Шағырай», Жәнібек Құтмаханов «Ұлы даланың – Дабылы» атты терме орындап, Болат Жолтаевтың сөзіне жазылған, Н.Алғашбаевтың «Елдік пен Ерлік» әні халыққа ұсынылып, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Шараның жалғасы Шағырай және Дабыл батырлардың атынан Әйтеке би кентінде көше беріліп, ашылу салтанатына ұласты.
– Қазақ талай дүлдүлді дүниеге әкелген. Бір ғана Қазалы өңірінен талай баһадүр батырлар, күміс көмей, жезтаңдай әншілер, би-шешендер, дүлдүл күйшілер шыққан. Біздің міндет – осы бабалар ізін өшірмей, кейінгіге үлгі ету. Осындай киелі мекенде ағайындардың басын қосып, жарқын келешегіміз – жастарымызға өткеніміз және ортақ құндылықтарымызды таныту арқылы рухани тұғырымызды нығайтып, ұлттық мәдениетті ұлықтау ұрпақ парызы, – деді Болат Әбенұлы.

С.ӘЛИҰЛЫ
17 тамыз 2024 ж. 221 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031