Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп түбі – нәсіп

Кәсіп түбі – нәсіп

Халық арасында «Кеңсенің адамы болма, кеңестің адамы бол» деген бар. Бүгінде осы қағиданы көпшілік жүзеге асырып жүр десек, артық айтқанымыз емес. Оған дәлел біздің аудандағы кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуы. Осы күні кәсіп ашқан қазалылықтардың саны бес мыңнан асып тұр. Олардың қатары тағы да ұлғайып келеді. Олай деуге себеп те жоқ емес.

Әйтеке би кентінің тұрғыны Мұратбек Ермекқалиев өз ісін ілгерілету мақсатында Ауылды қаржылай қолдау қоры берген несиеге борттық “Газель” маркалы автокөлік иемденген болатын. Бүгінде мемлекет тарапынан алған 3 миллион теңгені уақытылы өтеп, игілікті істі атқаруда. Осылайша жеке кәсібін дөңгелетіп, қазір аудан бойынша астындағы көлігімен той-томалаққа арналған 70 адамға тақталған арнайы палатка, үстел, орындықтары мен қазан-ошақ және арнайы төсеніш жалға беріп, өзі жеткізіп берумен айналысады. Қажет болса, көрпелер де ұсынады екен.
– Бұрынғыдай кеңшілік заман келмеске кетті. Бүгінгідей нарық қыспаққа алған уақытта «Алма піс, аузыма түс» деп қарап жатуға болмайды. Құдай қосқан қосағым Әлия екеуміз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Ұрпақ саның көбейгені жақсы. Дегенмен оларға қажетті материалдық жағынан қыспаққа алмай, жақсы жағдай жасау ата-ананың міндеті. Сонымен қатар оларды да еңбекке баулу, өмірге бейімдеу де әке-шешенің парызы деп санаймын.
Сондықтан бір күн де бос отырмаудың қамымен 6 жыл бұрын жеңіл көлікпен таксист қызметін қолға алдым. Қосымша тоқпен дәнекерлеуші ісін меңгердім. Кейін ойлана келе осындай тойға керек жабдықтарды жалға беруді жүзеге асырдым. Алайда көлік қатынасына шығыным басым болғандықтан, несие алуды ойладым.
Шүкір, жақсы табыс кіруде. Жеңілдігі де тиімді. Жылына 4 процентпен қарызды өтеп тұрмын, – дейді Мұратбек Ермекқалиев.
Іскер кәсіпкердің айтуынша, бұзылған дүниелерді өзі дәнекерлеп, жөндейді. Сонымен қатар қосымша тұрақты тұтынушыларының сұранысын жүзеге асырып, темірден бұйымдар әзірлейді. Темір ошақ, сәкі, тағы басқа да дүниелер жасау қолынан келеді. Барынша сапалы әрі тез дайындауға әркез күш салады.
Еңбекқор жанның айтуынша, құрал-жабдықтардың барлығын жаңадан алған. Халықтың көңілінен шығу үшін құралдарды, сондай-ақ дастарқанды ай сайын жаңартып тұрады. Алдағы уақытта отбасылық ісінің қызметтік аясын кеңейтіп, ыдыс-аяқтар ұсынуды жоспарлап отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
17 тамыз 2024 ж. 166 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031