Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бакуде Абай күні аталып өтті

Бакуде Абай күні аталып өтті

Фото: ҚР СІМ
Бакуде қазақтың көрнекті ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Әзербайжан зиялы қауымы, абайтанушылары мен жазушыларының, сондай-ақ Әзербайжанның жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттерінің қатысуымен естелік акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, іс-шара басында қатысушылар Абайдың құрметіне аталған көшеде орналасқан ескерткіш тақтаның алдына гүл шоқтарын қойды.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің кеңесшісі Еділ Мырзаханов қонақтарды Абай күнімен құттықтап, оның баға жетпес шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани байлығы ретінде болашақ ұрпақ үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Дипломат абайтанушыларға Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударғандары және бүкіл түркі әрі әлем әдебиеті үшін құндылық болып табылатын оның мұрасына құрмет пен сүйіспеншілік танытқандары үшін алғыс білдірді, - делінген мәліметте.

Өз кезегінде Әзербайжанның зиялы қауым өкілдері мен абайтанушылар Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды.

Іс-шара қазақ және әзербайжан жастарының Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Май түні» сияқты шығармаларының орындалуымен аяқталды.
11 тамыз 2024 ж. 300 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930