Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала түнгі уақытта үйінен бес метрге ұзамауы тиіс: Полиция ескерту жасады

Бала түнгі уақытта үйінен бес метрге ұзамауы тиіс: Полиция ескерту жасады

Фото: Orda.kz
Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе полиция бөліміне жеткізіледі. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Сағат 22:00 мен таңғы 6:00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды. Сондай-ақ, сағат 23:00 таңғы 6:00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.

Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады,-деп ескертті полициядан.

Сондай-ақ ойын-сауық орындарында жүрсе - 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса - 7 АЕК айыппұл қарастырылған.

Айта кетелік, беймезгіл уақытта баланың ойын–сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.

10 тамыз 2024 ж. 353 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930