Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ түнде бір-бірін құттықтайтын оқушыларға ескерту жасады

ІІМ түнде бір-бірін құттықтайтын оқушыларға ескерту жасады

Қазіргі таңда оқушылар нені ескермей жүр? Бала қауіпсіздігі үшін қандай іс-шаралар жүргізілуде? Мектепте тәртіпсіздік пен қылмыс жасаған оқушыға қандай жұмыстар жүргізіледі? Бұл туралы Алматы аудандық ішкі істер басқармасы «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер» бөлімінің қызметкері Әсел Сүйіндікқызы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқушы мектепке себепсіз келмесе қандай шаралар қолданылады?

Егер бала мектепке еш себепсіз және анықтамасыз 30 сағат бойы келмесе, мектеп бізге солай есеп береді. Біз бұны тексеріп, есепке аламыз. Себебі, 30 сағат бойы оқушының сабақта болмауына заң бойынша тыйым салынады. Екіншіден, бала себепсіз сабаққа келмей, бұл әрекеті бірнеше рет қайталанса, оқушы бақылауға алынады. Үшіншіден, қылмыс жасаған жағдайда ол міндетті түрде тексеріліп, кейін ғана қорытындыға келеміз. Оқушы кем дегенде бір жыл бойы бақылауда болады. Оған тәрбие жұмысын жүргізіп, ата-анасына кеңестер береміз, - деді Сүйіндікқызы.

Ол қылмыс пен мектеп заңына бағынбаудың салдары болатынын айтады.

Оқуға барарда жасөспірімдер бізден міндетті түрде мінездемесін алады. Қазіргі таңда ЖСН арқылы не үшін тіркелгенін, неге есепке қойылғанын жайлы мәліметтерді бірден анықталады. Сол себепті мектепке көп тәртіпсіздік жасаған оқушылар жоғары білім ала алмай қалуы мүмкін, - деді ол.

Сүйіндікқызының айтуынша, қазір балалар түнгі уақытта шектен тыс көп жүреді.

Бүгінгі таңда түнгі 00:00 кейін жастар бір-бірінің үйіне барып туған күнімен құттықтап, тойлап жатады. Біз мұны болдырмау үшін жұма, сенбі, жексенбі күндері рейдке шығамыз. Кәмелет жасына толмаған балалар түнгі уақытта үйлеріне қайтқан кезде көшеде қандай адамдар жүргенін білмейді ғой. Сол себепті қылмыстың алдын алу шарасын жүргіземіз, - деді қызметкер.

Ол кәмелет жасқа толмағандарға далада 23:00-ден 06:00-ға аралығында жүруге болмайтынын атап өтті.

Ал ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00 кейін жүруге тыйым салынады. Түнгі «серуенге» жол бергендердің ата-анасы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Сондай-ақ 442-баптың 1-бөлігі бойынша «кинотеатр, плейстейшн» және т.б. ойын-сауық орталықтарында жүрсе, міндетті түрді кіргізген адамға және баланың ата-анасына айыппұл салынады. Кәмелетке толмаған бала тек ата-анасымен жүруге болады, ағасы не әжесі тәртіпте қарастырылмаған. Ол үшін арнайы ата-анасының рұқсаттамасы қажет, - деді Сүйіндікқызы.
23 қазан 2023 ж. 253 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031