Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талаптының тауы шағылмайды

Талаптының тауы шағылмайды

Еңбек пен бақыт – егіз ұғым. Еңбектің көзін тапқандар ғана бақытқа қарай жақындай түседі. Иә, айтуға оңай шығар, бірақ бұл істе екінің бірінің жолы бола бермейді. Өмірде бірі бастаған ісін аяғына жеткізбей, әрі-сәрі күй кешсе, енді бірі қиыннан қиыстырып, көздеген кәсібін дөңгелетіп әкетуде. Бүгінде Қазалыда осы секілді кәсіпте оң нәтижеге қол жеткізгендер қатары қалыңдап келеді. Олардың – басым бөлігі жастар. Себебі қазалылық жастар бұрынғыдай уақытын сауық-сайранмен емес өзінің жарқын болашағын құруға жұмсайды. Сондай жас кәсіпкердің бірі – Данияр Шайксламов.
Даниярдың бүгінгі кәсібі ерекше әрі күрделі. Яғни алты жасынан әке ізіне ерген бозбала келешекте медицина саласын таңдап, стоматологиядан нәпақасын айыруды көздеген, сәті түсіп мақсатын да қолын жеткізген.
Бүгінде кейіпкеріміз басқаратын аудан орталығы, базар маңындағы «Нұр» дәріханасының екінші қабатынан орын алған «Dental Sheikh» стоматологиясы барша қазалылықтарға қызу қызмет көрсетуде. Тіпті стоматология дәрігерлері шет аймақтардан білім алмасып, жаңа әрі тиімді емдеу жолдарын пайдалана отырып жұмыс жасауда. Клиниканың басқа да ерекшеліктері мен қызметі жайында кәсіпкер тарқатып айтып берген еді.
– «Dental Sheikh» стоматологиясы бірнеше айдан бері жалғыз қазалылықтарға емес сонымен қатар Арал, Сексеуіл сынды алыс-жақын аудандардан келген жандарға білікті маман, тіс дәрігері Бақыт Жаниев, тіс технигі және бір медбике жоғары әрі сапалы қызметін көрсетуде. Қазіргі таңда үш адам жұмыспен қамтылған. Ерекшелігі сол мұнда жаңа, заманауи технологиямен емдейміз. Тіс рентгені тегін. Ал егде жастағы аға-әпкелерімізге арналған протез жасайтын маман да бар. Протез арнайы неміс құрылғысымен брефлекс атты сапалы өнімнен жасалды. Қолайлылығы сол ауыз қуыстарына ешқандай аллергия бермейді. Шыдамдылық мерзімі де ұзақ.
Бұдан бөлек, келешекте арнайы имплант дәрігерін алдырып, одан әрі жұмыс сапасын жақсарта отырып, қызметтің осы секілді түрлерін ұсынғымыз келеді. Тіпті жақын арада брекет салу қызметін де енгіуді жоспарлап отырмыз, – деп түсіндіре өтті.
Жалпы отбасымен медицина саласын таңдаған Даниярдың анасы Ұлзира аудандық ауруханада қызмет етсе, әкесі Нұрдәулет «Жол бойы» емханасында тіс технигі болып жұмыс жасайды. Әке мен ана ізін жалғаған тағы екі қарындасы шет аймақтарда стоматологияда маман болса, жалғыз інісі Мадияр да осы саланы таңдап, биыл жоғары оқу орнына түскен. Кейіпкеріміздің жұбайы Айымжан да кәсіптен алыс емес. Ол аудандағы белгілі киім дүкендеріні «Bella» қыздар киімдері дүкенінің негізін қалаушылардың бірі.
Тәуекелге бел буып, осынау күрделі салада мамандар жинақтап стоматология ашуына не себеп, қандай мотивация болғанын сұраған едік. «Менің мотиваторым – Мейірімкүл әжем!» деді ол.
– Ментің мотиваторым – Мейірімкүл әжем! Әкем мен анамның да демеуі мол. Олар маған өмірде ең бірінші ақ пен қараны ажыратуды және асыңды адалынан табуды үйретті. Ең бастысы тәуекел ете білу керектігін де айтатын. Сол үшін оларға шексіз алғысымды білдіремін.
Жалпы адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен осы кәсіппен айналысқалы осыны түсіндім. Біздің бойымызда бір істі бастауға бел бумайтын қасиетіміз бар. Болашағы қалай болар екен деп ойланып, тәуекелге бармаймыз. Қазақта «Нар тәуекел» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адамның өзі еңбек етіп, өзінің жеке кәсібінен нәсібін тапқаны ең жақсы іс. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді жүргізе білу де өнер, – дейді ол.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлы Абай атамыздан қалған сөз бар. Жас болса да адал еңбегімен өз замандастарына үлгі болып жүрген Даниярдың кәсіптік бастамасы жақсы. Кәсіптің түбі береке болатынын, жақсы бастама тек қана биіктерге жетелейтінін ол ешқашан есінен шығармайды. Мұндай істе әлбетте береке болатыны анық.

Серік АҚМЫРЗА

10 тамыз 2024 ж. 331 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031