Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырысшылар талабынан табылған

Тапсырысшылар талабынан табылған

Ел тұрмысы мен халық шаруашылығын дамытуда көлік құралдары маңызды рөл атқарады. Осындай қозғалыс қызметтері қатарындағы темір жол трансфорттары өз тиімділігін байқатып, сұранысқа ие болып келеді. Олардың қалыпты жағдайда қолданысқа еніп, межелі мақсатты орындауына күш салатын мамандар «Қамқор локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Қазалы локомотив жөндеу зауытында жұмыс істейді.
Локомотивтерді жөндеудің технологиясын терең меңгерген орында бөлшектерді қалпына келтіру, жөндеудің түрлі сатылары жүргізіледі, локомотивтердің жұмыс қабілетін қалыптастыру, базасын ұйымдастырып, техникалық диагностика жасауға қауқарлы. Келісіп пішкен тон келте болмайды. Құрметті теміржолшы Нұрлан Әлмағамбетова тізгінін ұстаған зауытта алдымен техникалық құрылымды толық жүзеге асыру үшін ақаулықты жан-жақты анықтап, қажетті бөлшектер мен материалдарды әзірлеп, шығындалатын жұмыс күші белгіленеді.
Жөндеуге келген тепловоздардың алғаш «маңдай тірейтін» орны – құрас­тыру цехы. Келген көліктерді қабылдап, бұзып, қосымша цехтарға жолдайды. Мұнда түрлі маман иесі бар. Жауапкершілік жоғары. Әрбірінен темірдей тәртіп, жұмысқа адалдық талап етіледі. Құрастырушыларға тепловоздардың әрбір деталіне мән беру маңызды. Алып техниканы жүргізуге кішкентай кедергі қиындық тудыруы мүмкін. Әрбірін мұқият бөлшектеп, тиісті жұмыстарына бағыттайды. Белгіленген уақыт таяғанда жан-жақты тексеріп, соңғы сынақтан өткізіп, тапсырысшыларға қайтарылатын орын да осы.
Мамандығына қырық жылын арнаған, тәжірибелі теміржолшы – аға шебер – Бектай Мұхашев бұйдасын ұстаған жерде қос ауысымда 60 адам еңбек етеді.
Қуаныш Жақсылықов, Қадірхан Жәркеев сынды шеберлер ісі көпке таныс. Жөндеушілер Пауадин Ұзақбай, Қуаныш Нұрманов, Әділ Мәмбетов, Қанат Дәулетияров, Шарап Аралбаев, Кәдірхан Өмірзақов, Еділ Өтепов, машинистер Бозғұлан Құлжанов, Амантай Махамбетжановтар мақтаулы мамандар.
Бұл орында бөлшектерді тазалауға да айтарлықтай көңіл бөлінеді. Тазалаушы арулар Рыскүл Аймағамбетова, Сымбат Сейітқазиева да тыңғылықтылығымен танылғандар.
Өндіріс орнындағы жұмыс үдерісінің негізгі бөлігі атқарылатын жерді көпшілік «зауыттың жүрегі» деп атайды екен. Айтса, айтқандай. Өзімізге қажетті мағлұматты алуымызға байлынысты сұрақ қойғанымызда, мойын бұрмаған мұндағылар үшін меже – тапсырылған істі уақытында, сапалы орындау. Бірінің кешеуілдеуі барлық жұмыс жүйесіне әсер еді. Құдды механика дерсің. Олар үшін демалыс, мереке – тындырылған істің нәтижесі.
Қауіпсіздік – басты талап. Құрас­тырушы жұмысшылардың әрбірі кәсіби қауіп-қатерді бағалап, талдауға міндетті.
Зауыт негізінен «КТЖ-ГП» серік­тестігі тарапынан түскен тапсырыстарын орындайды. Сондай-ақ қосымша мекемелермен тарту жолға қойылған. Соңғы жылдары сапалы жөндеушілер жұмысына иек артқан әзірбайжандық «Азербайжанские железные дороги» жабық акционерлік қоғамы, Ресей федерациясының «ЛокоТехПРомСЕрвис», еліміздегі жетекші орындар «Кармет», «Аралтуз», ФГУП «ЦЭНКИ» акционерлік қоғамы, «КазЦинк», «Восточно-Казахстанский мукамульно комбикормовый комбинат», «Востокцветмет», «Азурит», «Сейхун-S жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен тұрақты байланыс орнаған.
2024 жылдың жарты жылдық қорытындысына зер салсақ, зауыт 11 тепловоздың пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында күрделі жөндеу жүргізсе, 4 күшейтілген техникалық жөндеуді нәтижелі атқарған. Сондай-ақ 16 дана ТО-8, 3 дана ТО-7 тепловозы техникалық жөндеуден өткен. Бұлардың барлығы сөзіміздің анық айғағы.
Сапалы жөндеу пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Төл мерекесін табысты қарсы алған ұжым алда жоспарлы әрі жөндеу көлемін ұлғайтып, жөндеу түрлері уақытын азайтып, тапсырыс берушілер талғамынан көрінуді мақсат тұтып отыр.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ

03 тамыз 2024 ж. 242 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031