Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бабын тап та, бақша ек

Бабын тап та, бақша ек


Бозкөл ауылының тұрғын Еділбек Қибас бақша егуге бала кезден епті болды. Әкесі Бердалының жанында жүріп, бақша баптаудың қыр-сырын үйренді.
– Бақшаны өсіру – үлкен еңбек. Көктем шығысымен бақшалық жердің жыңғылын шауып, арығын дайындаймыз. Аяқ су келіп тұр. Дегенмен құрт, қарға, шошқа секілді зиянын тигізетіндер де бар. Ауылдан төрт шақырым қашықтықта орналасқан бақшаға күніне үш мезгіл барамын, – дейді Еділбек Бердалыұлы бізбен әңгіме барысында.
Әр жылы бақша егетін орынды ауыстырып отыратын еңбекқор жан биыл бір гектар жерге көкөніс еккен. Бұнда қауын-қарбыздан бөлек, қияр, қызанақ, сәбіз, картоп, қызылша, асқабақ бар. Жеміс берген кезде қалаға апарып, сатып, несібе көзіне айналдырады. Отанасы Ләззат Үсенова тапқан табысты қажетті жеріне жаратып, үй тірлігін дөңгелетіп отыр.
– Сексенінші жылдан бері бақша егіп келемін. Әке ізін жалғаушымын десем де болады. Әкем әлі күнге дейін ақыл-кеңесін айтып отырады. Талай жыл егіншілікте еңбек еткен жанның көзі таниды. Балалары мен немерелеріне адамдар арасындағы сыйластықтың ең асыл қасиет екенін айтып отыратын. Бақшаға барлығымызды баулыды. Арам шөп жұлуды, қалай суғару керектігін үйретті. Қазір айтқан ақылымен көшеттерді өзім емдеп, отырғызамын, егемін. Табиғи өнімнің артықшылығы көп. Өзімізден артылғанын сатып, балалардың оқу-құралы, керек-жарағына жұмсаймыз. Көкөніс піскен мезгілде тапсырыспен өнім алатындар да бар. Қазір маған ұлдарым қолғанат, – деген Еділбектің үш ұл, бір қызы бар.
Әкесімен бірге кенже ұл – Балдырған бақшаның басынан табылады. Піскен көкөністерді тасу, жинау соның міндеті. Еңбекке жақын жеткіншек өзіне тапсырылған жұмысты жүгіре басып, лезде орындайды.
– Баланы жұмсай отырып, еңбекке баулисың. Маңдай тердің `жемісі оңайлықпен келмейтінін біліп өседі әрі үнемі қимыл- қозғалыста болып, дамып, жетіледі. Әрине, ауыр жұмысқа жекпеймін, әлі келгенше қолғабыс етеді, – деп Еділбек аға ұлына сүйсіне қарады.
***
Көз ұшына дейін созылған жасыл алқап. Әр жерде сары-жасыл қауындар күнге шағылысып, анадайдан менмұндалайды. Көздің жауын алып, тәбетті ашатын сап-сары жәмбілшелерді көргенде еркісіз жегің келеді. Тас төбеден төнген күн шекені қыздырып барады. Алайда диқандар дамыл табар емес. Нағыз еңбек деген осы болар.
«Баптай білсең, жер жомарт» деген нақыл сөзді ұстаным еткен Оңталап Ескебеков ерте көктемнен кетпен-күрегін алып, жер аудару қамына кіріседі. Арықтарды аршып, талдардың күтімін бақылауға алады. Еңбекқор жанның балалары да бағбандықтың қыр-сырына қанығып қалған. Жаз айларында әкелеріне қолғабыс болып, жеміс-жидек, көкөніс егіп, тыным таппайды. Табиғи өнімге деген тұрғындардың да ықыласы бөлек.
Оңталап Ескебеков он бес жылдан бері бақша егумен айналысады. Иелігіндегі бір жарым гектар жерінде картоп, сәбіз, қызылша, қарбыз-қауын өсіреді. Оңталаптың әкесі Сердалы Ескебеков республикаға белгілі Социалистік Еңбек ері. Уақытында жүгері егіп, елге есімі етене таныс болған жан. Әке жолын қуған ұл Оңталап та бес жыл агроном болып еңбек етті. Бертін келе өз алдына бақша егіп, кәсібін дөңгелетіп отырған жайы бар.
Жары Гүлзира Балтөре екеуі ұл-қыз өмірге әкеліп, тәрбиелеп, өсірді. Ұлы ұяға, қызы қияға қонған әке мен ана. Олардан өрбіген немерелердің қызығын тамашалап, тәтті қылығына сүйсініп отырған ата-әже.
– Бізге аяқсу келіп тұр. Қалған шаруа өз қолымызда. Сәуір-мамыр айында басталған жұмыс күзде аяқталады. Қауын-қарбыз пісетін уақыт жақын қалды. Қалаға апарып сатамыз. Ерінбей еңбек етсең, жемісін де жейсің, – дейді Оңталап Сердалыұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
30 шілде 2024 ж. 313 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031