Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков төрағалық етті. Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазалы ауданы бойынша Жол картасындағы тармақтардың орындалуы, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудан бойынша мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін қызметтер, оларға кедергісіз қолайлы орта қалыптастыру мен жұмыспен қамту квотасының орындалуы туралы бөлім басшысының орынбасары Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы баяндады.
Мұнан соң су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында және өрттің қауіпті кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Ермекбаев Шапағат Нұржанұлы атқарылған жұмыстары туралы кеңінен айтып өтті.
Комиссия мүшелері тарапынан күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.
#AMANAT
25 шілде 2024 ж. 368 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930