Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 17 мыңға жуық микронесие беріледі

"Ауыл аманаты" жобасы бойынша 17 мыңға жуық микронесие беріледі

Фото: Нұрсұлтан Жорабаев
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Осы тетік шеңберінде субсидиялар нормасы 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Су берушілерге шығындарды тікелей өтеуді көздейтін Су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық субсидиялау 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Дала жұмыстарына кредит бергенде кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігін шешу үшін қарыз шарты сомасының 85%-ын портфельдік кепілдендіру енгізілді", - деді министр Үкімет отырысында.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау шеңберінде 2024 жылдан бастап бағдарлама бойынша тауарлық сүт фермаларын, суландыру, көкөніс сақтау қоймаларын және құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар тағы 8 бағыт қаржыландырылатын болады, деп жалғастырды ол.

"Ауыл аманаты" жобасы бойынша 17 мыңға жуық микрокредит беру жоспарланып отыр. 2024 жылы 100 млрд теңге көзделген, оның ішінде осы айда 5 млрд теңге сомасына 5 облыс қаржыландырылды. Қалған қаражатты бөлу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Айдарбек Сапаров.
23 шілде 2024 ж. 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031