40 градусқа дейін ыстық және жаңбыр: 23 шілдедегі ауа райы болжамы
23 шілдеде еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның кей өңірлерінде 40 градусқа дейін ыстық болады.
Ұлытау облысының бытысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 23 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, оңтүстігінде және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.