Біз жазған әнді бар қазақ қосыла айтса, одан асқан бақыт жоқ
Отты әндерімен тыңдарманына танымал болған хитмен жігіт Қазалы топырағында дүниеге келген. Бір бойына бірнеше өнер тоғысқан жан шебер орындаушы, тыңдарманына терең иірімге тартатын әсерлі ән сыйлаған керемет композитор, сөзіне ел елтитін ақындық қабілет иесі. Әңгімеге арқау болып отырған Нұртуған Жаңабайдың өнердегі, өмірдегі жолына байыптадық.
– Нұртуған, бақытты отбасы формуласын бір әнге арқау етесіз, тағы бірінде «костюмім, телефоным да ескіріп еді дейсіз»... Өнерлі жан өрістеген отбасы туралы білсек...Өзіңізбен жақын таныс болсақ...
– Менің отбасым туралы көзқарасымды бір әнге сыйғызуға тырыстым деп ойлаймын. Қазалы ауданының Ақсуат аулында дүниеге келген ұлмын.

Карантин уақытында бір әке, бір анадан төрт ағайындымыз. Сол кезде төрт бауыр аға, інілеріміз қарашаңыраққа жиналып қалған кезіміз болатын. Әкеміз төрде отырып, немерелерімен отырған берекелі, ізгіліктің ұйытқысы болған көріністі көзбен көріп, жүрекпен сезініп, жанымды көптен қозғап жүрген толқыныс бойда тулап туындады. «Әкең саған патшалардың патшасы, Анаң саған ғаламда жоқ патшайым» деп басталатын отбасы туралы әнге құндылықтың, өмірдің маңызын түсіндіруге тырыстым деп ойлаймын. Өнер – бойға әкемнің қанымен, анамның ақ сүтімен келген құдірет. Әкем Жаңабай өнерден алыс емес азамат.
– Бір емес, бірнеше әнге арқау болып, «Маңдай бағыңызды асырып», «махаббаты шайына араласқан», «әлемдегі бірінші сұлу» «ғаламда жоқ патшайым» туралы білсек...
– Мойындау керек. Менің нағашы атам Байназар Өтепов – халық ақыны. Сол кісінің ізін жалғап, өнерін өрістетіп келе жатқан өскелең ұрпақпыз. Анам Қасиет Байназарқызы – медицина саласының маманы болса да, өнерді ешқашан жанынан ажыратқан емес. Екінші кәсібі сияқты қатар алып жүрді. Сондай отбасында дүниеге келген бізге өнер таңсық құбылыс болмаса керек.
– Нұртуғанның қосалқы аты, төлқұжатыңызға айналған орны бөлек, авторы мен орындаушысына танымалдық пен табысты әкелген туынды «Аягөз, қайда барасыңның?» қызықты тарихы бар көрінеді. Өз аузыңыздан естісек...
– «Аягөз, қайда барасың?» ел ішіне тараған алғашқы әнім. Халықтың көңілінен шығып, бір қазақтың тойындағы бар қазақ біз жазатын бір әнді қосыла шырқап, бірге билеп жатса, бақыт емес пе. Тарихқа қанық қазақ баласы Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» деген жолдарын жатқа біледі. Сол бір тіркесті алып, халықтың қуанышына айналдыруды мақсат тұттым. Әнді естіген ақын Ақжол Түменбай: «Нұртуған, сенің күйреп жүріп жазған әніңе жұрт билеп жүр ғой» дегені бар еді. Жалпы қазақтың Аягөз қызына арналған өлең.
– Құнды туынды құнарлы ойдан туады. Құстың қос қанатындай болған сөз бен саздың үйлесімі, оған орындаушы қосқан әсер әнді асқақтата түседі. Осы кезге дейін тығыз байланыста, үндестікпен жұмыс істей білген авторлар мен орындауышылар жайлы айтып өтсеңіз...
– Өнерге келгенде әуелден өзінің жанында жүріп, ілім-білімін алмасақ та, осы кісіге ұқсасақ екен деп ән жазып өскен, исі қазаққа ортақ тұлға, талантты жерлесіміз Шымберген Сүлейменов ағамыздың шығармашылығын ұнатқандықтан, бір топырақтан шыққаннан соң ба, әндерімнің сарыны ұқсап кетеді. Одан кейін Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожаның жанында жүрген командада Қайнар Алагөзов, Құрал Молжанов, Аян Сейітов деген ағаларымыз бар. Соларға да ұқсауға тырысқанымды жасырмаймын. Төреғали әнші: «Бір аяғы композитор, бір аяғы ақын, бір аяғы орындаушы, бір аяғы әрлеуші болса, ол тұлпар шаппай ма», – дейді. Бір адамның жарқырап шығуына бойындағы таланты жеткіліксіз. Әр өз ісінің маманы ортақ мүддеге бағытын ойыстырса, құнды дүние өмірге келеді деп ойлаймын.
– Шабыт ауылы көшкен, сенделген сәлемделелер кешетін, сырғасының сыңарын беріп, серіге сезім білдірген жауапсыз хаттар көп пе? Оларға жарыңыздың көзқарасы қандай?
– Біз серіліккке жақын болғандықтан, жақсы естелік қалдырған қыздарға өлеңді көп жаздық. «сенделіп сәлемдемелер» қайтпай қалған кездер көп болды. Өнеріме, өміріме құрмет көрсететін өмірлік жарымды құрметтеймін.
– «Бір әкем сенсің» деп Шынберген Сүлейменовтей ағаларды ардақтайтыныңыз Алаш жұртына мәлім. Сондай-ақ өмірде сертіне адал, Құдай қосқан бауырға айналған достарыңыз көп пе?
– Мен қарайтын көкжиек, биік бағыт басында Шымберген Сүлейменов тұрады. Сондай биіктікке ұмтылу арманым. Ол кісі әндерін орындаушыларға бере бастаған шағында, өзбектің, тәжіктің әндерін «қуып шыққаны» көптің есінде. Нағыз елдің ортасында жүріп аңызға айналар азамат боларына сенімдімін. Өнерде, айналамда азаматтар көп. Оларды «достар» дегеннен гөрі «әріптес» деп қабылдау жеңілірек келетін шығар.
– «Жалғанда жақсылықтың да, жамандықтың да қайтарымы бар» деп өмірді бумерангқа балайсыз. Көңілдерді қуантатын тосын сыйлар көп болды ма?
– Бұл қатар қазалылық талантты ақын Елнұр Нұрқасымның сөзі. Бұл жігіттің өлеңдері де алапат деп айта аламын. Құдай қаласа, қалың құмның арасынан елеп алған алтындай жарқырап шығатын азамат. «Тосын сый» деген ән де сол кісінің сөзіне жазылған. Ортақ керемет тандем, бауырлық байланыс, өнерге деген құштарлық бар. Екеуіміз «Хит жазамыз» атты республикалық арнаның бағдарламасына қатысқанбыз. Бағы жанды, бабы келісті. Ал өмірде бізге берілген, талайың болып тосқан тосқан тосын сыйлар көп.
– «Ақындар провинцияда туып, Парижде өледі» дейді. «Шақырсам Көктөбеге келіңіз» деп, алматылықтарға сәлем айтасыз. Үлкен орта сізді несімен баурайды?
– Үлкен ортаға менің аса бір қатты құмарлығым жоқ. Табиғаты «Бетегеден биік, жусаннан аласа» деп бұйығы, оқшау жүретін халықпыз ғой. Алматының орны бөлек. Ару қаланың берген әсері, шабыты, естелігі, мұңы, барлығы сұлу.
– Лирикалық, патриоттық шығармалардан бөлек, «Бала мен Дана», «Орамал – тәж» сынды әлеуметтік тақырыптағы әндер жазып жүрсіз. Шабытты қайдан аласыз? Алда қандай жоспарыңыз бар?
– Шабыт әр кезде әртүрлі сәттерден келеді. Дәл сол әсерді бағалап, орайыңа ойыстырсаң, ойдағыңнан да жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізе аласың.
Алдағы уақытта эстрада бағытында эстрада бағытында қолға алған жұмыстарым бар. Нәтижесіне уақыт сыншы.
– Уақыт бөлгеніңізге рақмет!
– Ауданның бет-бейнесіне айналған төл басылым алыстағы туған жерін аңсаған әрбір перзентке жыл құсындай жаңалық, жақсылығымен жаршы болып жүрген басылым. Әсіресе елден шыққан азаматтарды елеп, жас ұрпаққа танытатын «Қазалы перзенттері» айдарын оқып, мерейіміз өсіп отыратыны бар.
– Шығармашылық табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА